ЭТС – Аға электромеханигі

Абу-Даби Порты (Abu-Dhabi Ports) Абу-Даби
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
2102

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:
  • Барлық электр/электронды қондырғылар, механизмдер, автоматтандыру жүйелері мен DP, навигациялық және коммуникакациялық құрылғылар мен тағы басқаларын күту/жөндеу жұмыстарын атқаратын қызметкерлерді басқарады.
  • Қауіпті әрекет жасап жатқан кез келген тұлғаны тоқтатуға құзыры бар.
Негізгі міндеттері:
  • Тікұшақ пен әкімшілік байланыстарға қарайды.
  • Компанияның немесе клиенттің бортта орналасқан электр құрылғысы кемедегі қуат көзімен сәйкес келетінін және үйлесетінін тексеру.
  • Жоғарыда аталған құрылғылар электр құрылғыларына қойылатын ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетінін тексеру.
  • Электр/электронды құрылғылардың қосалқы бөлшектері (маңызды қосалқы бөлшектердің) болуын қамтамасыз ету
  • Техникалық қызмет көрсету туралы барлық дерек жазылатын журналды жүргізу.
  • DP техникалық қызметтерін көрсету.
  • Жоспарлы техникалық күтім жасау жүйесі мен одан кейінгі әрекеттер.
  • Жұмыстар мен жобаларды атқару барысындағы кез келген мүмкін жағдайда ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы мәдениетті арттырып, күшейту.
  • Мәлім болған ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласында үлгі болу. Еңбек қауіпсіздігіне, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық сұрақтар бойынша шаралар қолдану және өздері шеше алмайтын кез келген сұрақтарды басшылыққа жеткізу.
  • Қарамағындағы қызметкердің тиісті дайындығын, құзыреттілігі мен өкілеттіктерін олар орындауы тиіс операцияларды атқару үшін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ақпарат туралы хабардар ету. Сәйкес нұсқаулық жүргізу.
  • Қарамағындағы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етулерін қамтамасыз ету. Жұмыс орнын қауіпсіз әрі ұқыпты жағдайда сақтау үшін, барлық қауіпсіздік тексерулерін жүргізу. Мүмкіндігінше жұмыс орындарындағы барлық қауіптің алдын алу.
  • Қауіп-қатерді бағалауды жүргізіп отыруын қадағалау. Қатерлердің бар-жоқтығын анықтайтын әркеттердің түрлері мен барысын бағалау. Келесі қатерлерді мүмкін деңгейіне дейін бағалау, тіркеу және бақылау.
  • Жұмыс орындарында қолданылатын төтенше жағдайлардағы әркеттер шараларын сақтау. Апаттық шараларды қызметкерлердің біліп, түсінуін қамтамасыз ету.
  • Барлық көзделген қауіпсіздік құралдарын пайдалануды және жұмыс күйінде ұстауды, қорғаныс құралдарын киюді, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және еңбекті қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ету. Жабдықты дұрыс пайдалануды, тексеруді және тиімді техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
  • Барлық оқыс оқиғалар мен қауіпті жағдайларды жайлы, соның ішінде жауапты аймақтағы экологиялық қақтығыстарды да хабарлап, тергеу.
  • Жұмысты еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларға сәйкес, сонымен қатар компанияның саясатына, жоспары мен шараларына сай атқаруды қамтамасыз ету. Қарамағындағы қызметкерлерге денсаулықтары мен қауіпсіздігін, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қажетті барлық тиісті ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Теңіз электроавтоматикасының қызметкері
  • STCW 2010 сертификаты.
  • DP бойынша қызмет көрсету сертификаты.
  • Жарамды медициналық куәлік
  • Жан дүниесі тартымды және керек болса, беделін көрсете алуы керек.
  • Ағылшын тілінде нақты және нәтижелі ауызша да, жазбаша да қарым қатынас жасай алуы керек.
  • Кемедегі электр құрылғыларымен жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
  • Негізгі дисциплина мен перефериялық бұйымдарды мұқият біліп, түсінуі керек.
  • Бағыттау, ұйымдастыру және байланыстыру қабілеттері мықты болуы керек, сонымен қатар ізденіп, қол жеткізуге бейім болуы керек.
  • Күрделі сұрақтардың шешімін іздеп, табуға қабілеті болуы керек.
  • Қауіпсіз жұмыс ережелерін толықтай сақтауға бейім болуы керек.
  • Теңіз және жобалық қызметкерлермен қарым-қатынас жасағанда оңтайлы көмек көрсету қабілеті.
  • Барлық деңгейде нәтижелі және түсінікті қарым-қатынас жасау қабілеті.
  • Электр құралдарына жоспарлы техникалық күтіп ұстауды бақылап, жақсы жүзеге асыру.
  • Электр құралдарына, әсіресе DP және коммуникациялық құрылғыларға қатысты ақаулардың салдарын жақсылап жөндй алу.
  • Шығын материалдары мен қосалқы бөлшектерді оңтайлы пайдалану.
  • Электротехника қызметкерлерін еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйелерінің мақсаттары мен талаптарын сақтауға ынталандыру.
Шарттары:
  • Нақты жұмыс орны: Абу-Даби (БАӘ);
  • 6/1 кесте;
  • Жалақы күніне шамамен 40 USD доллары; ( бир кун 18.000 тенге)
  • Жататын жер мен тамақты компания төлейді.

Қажетті қабілеттер

  • Техническое обслуживание

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж