Құқықтық қамтамасыз ету департаменті халықаралық қызметті құқықтық сүйемелдеу басқармасы құқықтық сүйемелдеу басқармасының құрлықта жер қойнауын пайдалану және мұнай мен газды өңдеу жобаларын құқықтық сүйемелдеу секторының жетекші заңгері (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
1769

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары заң білімі;
  • Құқық магистрі дәрежесінің болуы, МВА (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Юриспруденция саласында кемінде 4 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 1 жыл (артықшылығы бар).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілі (В1);
  • Advanced (ағылш.).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Корпоративтік құқық, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасы және мұнай-газ саласындағы және  Қазақстан Республикасының аумағында құқық қолдану практикасындағы өзге де заңнама саласында;
  • Мұнай-газ саласындағы халықаралық құқық саласында;
  • ҚМГ ішкі құжаттамасы саласында (оның ішінде құрылтай құжаттары, стратегиялар, жоспарлар, бұйрықтар, қағидалар, нұсқаулықтар, ережелер және т. б.);
  • ҚМГ және/немесе ЕТҰ халықаралық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасалатын келісімшарттарды, шарттарды, келісімдерді, мәмілелерді, ниеттер туралы хаттамалар мен меморандумдарды дайындау және іске асыру ерекшелігі саласында;
  • Сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті (нұсқаулықтар, қағидалар, ИБЖ және АМҚЖ рәсімдері) жүйесі саласында;
  • Семлекеттік және ағылшын тілдерін білуі (жазбаша және ауызша);
  • ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Контрагенттермен және/немесе мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатысу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Заңды "тиісті тексеру" жүргізу дағдылары (Legal Due Diligence);
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Шарттардың, келісімдердің және меморандумдардың жобаларын дайындау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Контрагенттермен және/немесе мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатысу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Заңды "тиісті тексеру" жүргізу дағдылары (Legal Due Diligence);
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Белгіленген тәртіппен халықаралық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасалған заңнама ережелеріне және келісімшарттарға, шарттарға, келісімдерге, мәмілелерге, ниеттер туралы хаттамаларға және меморандумдарға консультация береді және түсіндірмелер дайындауды жүзеге асырады;
  • Қажет болған жағдайда келіссөздерді құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және белгіленген тәртіппен Халықаралық қызметпен байланысты келіссөздерге қатысады;
  • ҚМГ басшылығының тапсырмасы бойынша ҚМГ және/немесе ЕТҰ сотқа дейінгі және соттық реттеу, атқарушылық іс жүргізу процесін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады (наразылық-талап қою жұмысын жүргізу, келіссөздер, хат алмасу, құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және өзге мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, заң қорытындыларын дайындау, мүдделерді білдіру және қорғау);
  • ҚМГ акционерлерімен және ЕТҰ заң қызметтерімен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды, Басқарма құзыреті шеңберінде ЕТҰ қызметін үйлестіреді;
  • Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚМГ консультативтік-кеңесші органдарына, операциялық комитеттерге және жобаларды басқарудың өзге де органдарына (комитеттерді, комиссияларды, жұмыс топтарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) қатысады; Басқарма құзыреті шеңберінде заң консультанттарымен, оның ішінде олардың заң қорытындыларын дайындауға және беруге қатысты жұмысты жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ, ЕТҰ және «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес ҚМГ органдарының,  ЕТҰ (Акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес) органдарының (операциялық комитеттер және жобаларды басқарудың өзге де органдарын қоса алғанда) қарауына шығарылатын мәселелер мен материалдарға, халықаралық қызметті жүзеге асыру аясында шешімдер мен түсіндірме жазбалардың жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
  • Басқарма туралы ережеге сәйкес өзге функцияларды, сондай-ақ қосымша жүктелген, бірақ басқарма туралы ережеге енгізілмеген ҚМГ басшылығы мен тікелей басшылықтың тапсырмалары бойынша басқа да функцияларын жүзеге асырады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр