Жетекші бухгалтер (қаржылық есептілік секторы)
Лауазымның функционалы:
- ҚЕХС сәйкес компанияның қаржылық есептілігін дайындау және жасау, оның мағынасын ашу;
- бас компанияны шоғырландыру мақсаттары үшін қаржылық есептілікті дайындау және жасау;
- регламенттелген статистикалық есептілікті жасау және ұсыну (1-ПФ нысаны);
- ұзақ мерзімді қаржы активтерін дисконттауды есептеу (қаржылық көмек, қарыздар, дебиторлық және кредиторлық берешек);
- барлық маңызды шаруашылық операцияларды есепке алу, бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы және дұрыс көрсету, қарыздар бойынша шығыстарды есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексеру және өңдеу;
- ҚЕХС сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешектің жалпы жиынтығын жасау, оларды өтеу бойынша іс-шараларды талдау, ұйымдастыру және бақылау.
Біліктілік талаптары:
- жоғары экономикалық білім;
- бухгалтер ретінде жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;
- ДипИФР АССА дипломы.
Білімі мен дағдылары:
- салық заңнамасы саласындағы талаптарды білу;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнаманы білу;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды, бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр