"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Астана жол дистанциясы құрылыстарын жобалау бөлімінің бас маманы

309678 - 328081
Астанинская дистанция пути Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
1299

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде және жобалауды автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, жобаның жекелеген бөлімдерін (бөліктерін) әзірлейді;
  • Жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырмаларды дайындауға қатысады;
  • Жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға, объектіні жобалау, салу, іске қосу және жобалау қуаттарын игерудің бүкіл кезеңі ішінде бекітілген объектілер бойынша техникалық мәселелерді шешуге қатысады;
  • Қабылданатын жобалық шешімдерді жобаның басқа бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалық шешімдермен байланыстырады;
  • Жаңа жобалық шешімдердің патенттік тазалығын және патенттік қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында патенттік зерттеулер жүргізеді;
  • Әзірленіп жатқан жобалар мен техникалық құжаттаманың жобалау және құрылыс жөніндегі стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға, сондай-ақ оларды әзірлеуге арналған тапсырмаға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  • Жобаланатын объектілердің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асырады, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Темір жол құрылысы, құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейінін бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)