Ақпараттық технологиялар департаменті АТ дамыту бөлімінің инфрақұрылым жөніндегі бас менеджері
Лауазымдық міндеттері:
1) Компанияның IT-инфрақұрылымының архитектурасын әзірлейді;
2) АТ-инфрақұрылымының архитектурасының қолданбалы архитектураға, деректерге және бизнес архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) АТ-шешімдер архитектурасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылайды;
4) ақпараттық қауіпсіздікті ескере отырып, есептеу жабдығына, деректер мен ақпаратты беру желілері мен хаттамаларының стандарттары және қойылатын талаптарын әзірлеуді айқындайды;
5) мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта инфрақұрылым бөлігінде АТК дамыту бағдарламасын әзірлейді;
6) АТ-инфрақұрылымының архитектурасы бөлігінде техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттізімдерді әзірлеуге қатысады;
7) құрылымдық бөлімшелерге әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді;
8) өз құзыреті шеңберінде бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады және орындайды;
9) тендерлік құжаттаманы қалыптастыруға қатысады, сараптамалық қорытынды әзірлейді, өз құзыреті шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияға қатысады;
10) маркетингтік талдау жүргізеді және өз құзыреті шегінде компанияда АТ дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
11) өз құзыреті шеңберінде бизнес-процестерді жетілдіру жөніндегі жұмыс жоспарларын ұсынады;
12) өз құзыреттері шеңберінде АТК-ны дамыту бағдарламасын қалыптастыруға/жаңартуға және іске асыруға қатысады;
13) өз құзыреттері шеңберінде АТК-ны іске асыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелердің Компанияның АТК дамыту бағдарламасын орындауына мониторинг жүргізуге қатысады;
14) өз құзыреті шеңберінде АТ өзгерістері жөніндегі комитетке қатысады;
15) өз құзыреті шеңберінде Компанияның даму жоспарына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі ақпарат әзірлейді;
16) өз құзыреттері шеңберінде АТ жобалары үшін инвестицияларды қорғауға қатысады, техникалық-экономикалық негіздемелер мен экономикалық тиімділік есептеулерін дайындауды үйлестіреді;
17) өз құзыреті шеңберінде Жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау жөніндегі комиссия құрамына қатысады;
18) Бөлімнің құзыреті шеңберінде АД есептерін, бұйрықтарын, шешімдерін, өкімдерін және басқа да өкімдік құжаттарын әзірлейді;
19) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар әзірлейді және кеңестерге, семинарларға қатысады;
20) шешімнің архитектурасын әзірлейді, корпоративтік және технологиялық сегменттерде жаңа АТ-жобаларды енгізу шеңберінде қажетті есептеу қуаты, инфрақұрылымды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін пысықтайды;
21) корпоративтік және технологиялық жүйелер инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігін дамытуға және қамтамасыз етуге қатысады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар, білім және тәжірибе:
- Мамандандырылған кәсіби дағдылар:
- Ақпараттық технологиялар саласындағы ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігін бағалау;
- ұйымның стратегиясына, саясатына және даму жоспарларына сәйкес АТ архитектурасының тұжырымдамасы мен моделін айқындау;
- АТ-инфрақұрылым архитектурасы саласындағы стандарттарды, ұсынымдар саясатын және т. б. құжаттамаларды әзірлеу;
- мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта инфрақұрылым бөлігінде АТК дамыту бағдарламасын әзірлеу;
- АТ-инфрақұрылымы бөлігінде анықтамалық модельдер мен құралдарды айқындау/таңдау;
- АТ-инфрақұрылымының негізгі жай-күйінің сипаттамасы;
- АТ-инфрақұрылымының нысаналы жай-күйінің сипаттамасын әзірлеу;
- АТ-инфрақұрылымы бөлігіндегі сәйкессіздіктерді талдау;
- АТ-инфрақұрылым бөлігінде Жол картасын қалыптастыру;
- АТ-инфрақұрылымы бөлігіндегі өзгерістердің әсерін бағалау.
- Арнайы білім:
- ақпараттық технологиялар саласындағы үздік тәжірибелерді, халықаралық және мемлекеттік стандарттарды білу (CobIT 2019, ISO, ITIL, DMBOK, TOGAF және т.б.);
- АТ басқару принциптерін, жобалық менеджмент әдіснамасын және бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің модельдерін білу;
- бизнесті және ақпараттық жүйелерді талдау құралдарын, әдістемелері мен тәсілдерін білу;
- холдингтік ұйымдардағы АТ-инфрақұрылымының негізгі процестерін, құрылымын, құрамын, міндеттері мен маңызын білу;
- ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын және ақпарат пен деректерді қорғау әдістерін білу.
Талаптар:
- «Информатика», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша жоғары білім;
- Салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- The Open Group Architecture Framework (TOGAF 9) сертификатының болғаны дұрыс;
- MS Office тәжірибелі қолданушысы;
- Қазақ, орыс тілдерін білу және ағылшын тілін білуі тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар