Құюшы-қотарушы

294286 - 294286 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
945

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
- қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес мұнай өнімдерін теміржол және автомобиль көлігіне тиеп жөнелту;
- жұмыс орнында, сондай-ақ учаске аумағында мұнай өнімдерінің төгілуіне жол бермеу;
- ағызу коллекторларын жұмысқа қосу кезінде көзбен шолып қарау арқылы олардың тұмшалануын және жарамдылығын, сондай-ақ тауар ыдыстарының жоғарғы люктерінің немесе білтелерінің ашықтығын тексеру;
- учаске құбырларының, жабдықтарының, жылу және бу құбырларының жарамдылығын жұмыс барысында тұрақты бақылау;
- мұнай битумын құю алдында вагон-цистерналардың, бункерлердің, автобитумовоздар цистерналарының, дозаторлардың техникалық жарамдылығын бақылау;
- қолданыстағы нұсқауларға сәйкес қап желімдеу машинасында крафт-қаптар жасау;
- мұнай битумын темір жол бункерлеріне және температурасы 150 градустан аспайтын вагон-цистерналарға, автобитумовоздарға, 200 градустан аспайтын дозаторларға құю.

Біліктілік талаптар:
- жалпы орта, негізгі орта білім;
- жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Білімі мен дағдылары:
- мұнай және мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауар өнімдерінің түрлерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін білу;
- учаскенің технологиялық үдерісінің физика-химиялық негіздері;
- зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім