«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының МЖС-ға қолжетімділікті ұйымдастыру департаментінің МЖС қызметтерін есепке алу және есеп беру функционалдық бағытының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан ҚР аумағы бойынша МТЖ операторының кінәсінен жіберілген жолаушылар поездарының кешігуі үшін жауапкершілікті сенімді жатқызуды қарастыру бойынша келіп түскен шағымдарды қарау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- Поездарының кешігуіне кінәлі құрылымдық бөлімшелердің жауапкершілігін анықтау үшін НОДГП хаттамалық шешімдерін жинау бойынша жұмыс жүргізеді;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұсынған жолаушылар поездарының кешігуі үшін жауапкершілікті айқындау бөлігінде, НОДГП талдау хаттамаларын қарау бойынша жұмыс жүргізеді;
- Жолаушылар пойыздарының кешігуін АС ИОММ, ГИД-УРАЛ, ГИД-УРАЛ МҰРАҒАТ, «АИГП» АБЖ бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс жүргізеді;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының МТЖ операторының кінәсінен кешікені үшін, кінәлі құрылымдық бөлімшелерге шығарылған айыппұл сомасына одан әрі ұсыну үшін тексеру жүргізеді;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының кешікені үшін айыппұлдарды сенімді түрде жатқызу бойыцнша және қосалқы материалдарды алу үшін НЖС-пен жұмыс жүргізеді;
- Жолаушылар пойыздарының кешігуі үшін өзара есеп айырысу (шот-фактура) бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен жұмыс істейді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары немесе жоғары білімнен кейінгі оқу
- Мамандығы: «Тасымалдауды, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (темір жол көлігі), Есеп және аудит, «Қаржы», «Экономика», «Құқықтану», «Менеджмент».
- Жұмыс тәжірибесі: мамандық/қызмет саласы бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)