Орталық мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және коммуникациялар жөніндегі Бас менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
2559

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • орталық және өзге де мемлекеттік органдардың саяси жүйелері, үкіметтік процестері және негізгі тұлғалары бойынша ақыл-кеңес беру;
  • дәлелді шешімдер қабылдау мақсатында саяси, мемлекеттік және сабақтас секторлардан келіп түсетін мәліметтерді бақылау, жинау, түсіндіру және тарату жүйесін құру және басқарушы директор мен жоғары басшылыққа қабылдануы талап етілетін шаралар бойынша жүйелі түрде ақыл-кеңес беріп отыру; жаңартылған мәліметтерді ұсыну компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін заңнамалардағы өзгерістерді алдын ала анықтауды қамтуы керек;
  • Компанияның жоғарыда аталған сырты мүдделі тараптармен байланысын бақылау, компания хабарламаларының бірізді және оңтайлы болуын қамтамасыз ету;
  • аталған мүдделі тараптармен байланысу арқылы Компанияны алға бастыру және ол туралы оң көзқарас қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау және пайдалану;
  • Компанияның бедел стратегиясын бизнес-стратегия мақсаттарына сәйкес әзірлеу;
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • экономика, саясаттану, коммерция, философия, инженерлік-техникалық сала немесе өзге де тиісті сала бойынша жоғары білімі;
  • мұнай және газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жүргізу бойынша ұқсас лауазымда кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • ұқсас лауазымда бірнеше мекемеде жұмыс істеген тәжірибесі болғаны лазым;
  • пайда деңгейі жоғары мұнай-газ компаниялары үшін мемлекеттік органдармен қарым-қатынас бағдарламасы мен бедел стратегиясы бойынша байланысу іс-шараларын әзірлеу және іске асыру бойынша расталған дағдылары;
  • расталған көшбасшылық дағдылары мен бірегей жеке қасиеттері, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас құру және сыртқы байланыс ұйымдары мен желілерімен өзара әрекеттесуді дамыту және нәтижелі қамтамасыз ету дағдыларыне ие болу тиіс. 

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • стратегиялық, аналитикалық және коммерциялық ойлау және топта жұмыс істей білу қабілеті;
  • ауызша және жазбаша өте жақсы қарым-қатынас жасау дағдылары;
  • сан алуын адамдармен жұмыс істеу және өкілетсіз ықпал ете алу қабілеті;
  • мәселелерді тұжырымдау және тиісті тараптарды оларды шешуге жұмылдыру қабілеті;
  • мемлекеттік органдардағы негізгі мүдделі тараптармен қарым-қатынас құру және дамыту бойынша үздік дағдылары;
  • мұнай-газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың және мемлекет ішіндегі әртүрлі функционалдық бөлімшелердің қызметін түсіну;
  • мұнай мен газ өндіру саласына қатысты ережелер мен заңдарды түсіну;
  • мұнай-газ саласының анықтайтын факторларын, мақсаттары мен негізгі тәуекелдерін жақсы түсіну;
  • ӨБК ережелерін және мемлекеттік органдармен байланысудың ұйым жұмысы нәтижелеріне әсер ететін жолдарын түсіну;
  • мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жүргізудің ұйымның құндылығын арттыру тетігі ретінде қалай пайдалануға болатынын нақты түсіну.


 

Қажетті қабілеттер

  • Внутренние и внешние коммуникации

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)