Өңірлік мемлекеттік органдармен, жұртшылықпен және бақылаушы органдармен қарым-қатынас жөніндегі Бас менеджер
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттері:
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
- Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру шеңберіндегі қосу-реттеу жұмыстары мен өндірістік операцияларға рұқсат алу стратегиясына, Қашаған кен орнын игеру бағдарламасы мен нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету жоспарына сәйкес «НКОК Н.В.» компаниясына қажетті рұқсаттардың, бекітулердің, жер бөлу рұқсаттары мен өндірістік лицензиялардың уақтылы және тиімді жолмен алынуын қамтамасыз ету үшін Компанияның рұқсат алу/бекітулер алу/нормативтік сәйкестікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуге жауапты болу. «НКОК Н.В.» компаниясында стратегиялар мен жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылау;
- түрлі директораттармен тығыз өзара әрекеттесе отырып СКӨБК жобалары мен операцияларында Компанияның рұқсат алу және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша жалпы біріктірілген жоспарын басқаруға және жүзеге асыруға қатысты кемшіліктерді жою және нұсқау беру;
- Компанияның тиісті саясатын белгілеу, жер ресурстарына және олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылуына бақылау жүргізу үшін жер бөлу мен активтерді тіркеу процестеріне қатысты жұмыстарды басқару бойынша нұсқау және бағыт-бағдар беру;
- рұқсат алу және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздеме/жобалық-техникалық құжаттаманы жүзеге асыру, құрылыс және пайдалану жұмыстарына рұқсаттар әзірлеу, қолдану және бекітулер алу үшін келісімшарттарға тиімді жауапкершілік атқару;
- бекітулер мен рұқсаттардың алынуын қамтамасыз ету үшін жергілікті жұртшылық пен жергілікті/өңірлік мемлекеттік органдар арасында НКОК-тың беделін арттыруға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру;
- Қашаған жобасын тұрақты игеру және пайдалану үшін Атырау, Маңғыстау облыстарының және Мақат, Түпқараған аудандарының негізгі өңірлік/жергілікті мемлекеттік органдарымен нәтижелі және өзара тиімді қарым-қатынас орнату және жүргізу;
- НКОК-тың бедел стратегиясымен және жұртшылықпен байланыс туралы бағдарламасымен сәйкестендірілген жергілікті органдармен өзара әрекеттесудің тиімді жоспарын әзірлеу мен жүзеге асырудағы кемшіліктерді жою;
- орталық мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және коммуникациялар жөніндегі Бас менеджермен (және НКОК-тың өзге де бөлімдерімен бірге) бірлесе отырып, НКОК-тың Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жергілікті жұртшылық пен мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін қоғамдық шараларының өткізілуін қадағалау;
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
- жоғары білімі (техникалық, экономикалық, саяси ғылымдар, коммерция немесе іспеттес салада); мұнай және газ, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас саласында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс тәжірибесі;
- ұқсас немесе жоғарырақ лауазымда бірнеше мекемеде жұмыс істеген тәжірибесі болғаны лазым;
- мұнай-газ компаниялары/бизнес үшін стратегиялар және мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс орнатудың ірі ауқымды іс-шараларын/бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша расталған дағдылары;
- расталған жетекшілік ету дағдылары, қажетті ұйым құру және жұмысын жүргізу, сондай-ақ топ мүшелерінің қажетті дағдылары мен біліктіліктерін дамыту қабілеті.
Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
- стратегиялық, аналитикалық және коммерциялық ойлау және топта жұмыс істей білу қабілеті;
- жетекшілік ету бойынша расталған дағдылары;
- жақсы қарым-қатынас құру және бірнеше тілді ауызша және жазбаша білу - мемлекеттік тілді білуі міндетті;
- сан алуан адамдармен жұмыс істеу және иерархиялық өкілетсіз ықпал ете алу қабілеті;
- мәселелерді анықтау, құрылымдау және шешімін табу үшін тиісті тараптарға жеткізу қабілеті;
- жергілікті жұртшылықпен нәтижелі қарым-қатынас орнату үшін үздік жеке қасиеттері;
- НКОК қызметін, стратегиялық бағыттарын, қысқа мерзімді бастамаларын/жоспарларын және директорат аралық функционалдық міндеттерді нақты түсінуі және ұғынуы;
- мұнай-газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың және мемлекет ішіндегі әртүрлі функционалдық бөлімшелердің қызметін түсіну;
- мұнай мен газ өндіру саласына қатысты ережелер мен заңдарды түсіну;
- мұнай-газ саласының анықтайтын факторларын, мақсаттары мен негізгі тәуекелдерін жақсы түсіну;
- мұнай-газ операциялары мен жобасына қатысты техникалық емес тәуекелдер туралы жақсы түсінігі болуы тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Главный менеджер Департамент развития международного бизнеса АО "Казпочта"
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 2353
Қаржы Департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.12.2025 | 1306
Инженер В1
«QAZAQ AIR» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
05.12.2025 | 6264