4-5-6 разрядтағы слесарь-жөндеуші тантал өндірісінің № 58 цехының

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
363

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4 разряд бойынша білуі тиіс: -жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың құрылысын, машиналарды реттеу ережесін, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдерін, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, мақсаты мен қолдану ережесін, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылысын, күрделі емес әр түрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдерін, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, қышқылға төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеттерін,жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негіздерін 5 разряд бойынша білуі тиіс: - жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеуін, құрастыруға, сынауға және орнатуға қойылатын техникалық шарттарды, жабдықтарды жөндеудің, құрастырудың және монтаждаудың технологиялық процесін, машиналарды статикалық және динамикалық теңгерімдеуге жабдықтарды сынау ережесін, күрделі белгілеу кезінде геометриялық құрылыстар, бөлшектердің уақытынан бұрын тозуын анықтау тәсілдерін, тозған бөлшектерді қалпына келтіру және нығайту және қорғаныс жабынын жағу тәсілдерін. 6 разряд бойынша білуі тиіс: - жөндейтін құрал-жабдықтардың агрегаттар мен машиналардың конструктивті ерекшеліктерін, кинематикалық және гидравликалық сызбаларын; жөндеу, жинақтау, монтаждау, нақытылығын тексеру және жөнделген құрал-жабдықты сынау; құрал-жабдықтың жұмыс істейтін детальдарына, түйіндеріне, механизмдеріне шекті рауалы жүктемелерді; сынуды, коррозиялық тозуын және апаттың алдын алу іс-шаралары.

Білім:

Жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

4 разряд бойынша: - күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. Бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жөндеу және монтаждау үшін күрделі айлабұйымдарды жасау. Жөндеуге ақау ведомостарын жасау. Көтергіш-көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды қолдана отырып такелаждық жұмыстарды орындау. 5 разряд бойынша: - Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу және баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Кернеулі және тығыз қондыру жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 6 разряд бойынша: - Күрделі үлкен өлшемді, ерекше, бірегей, сынамалы және тәжірибелі құрал-жабдықты, агрегаттарды және машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау және реттеу бойынша жұмыстарды орындау; құрал-жабдықты пайдалану және жөндеу процесі кезінде тексеруде ақауларын анықтау және жою; жөнделген құрал-жабдықтың жүктемесі астында нақтылығын тексеру және сынау жүргізу.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қышқыл булары (балқымалы, күкірт), аммиак, қорғасын және оның бйорганикалық қосылыстары, иондаушы сәулелер әсерінен туындайтын 2-ші дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары; - қышқылдардың (балқымалы, күкірт), аммиактың, қорғасынның және оның бйорганикалық қосылыстарының әсерінен туындайтын 2-ші дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары; - қышқыл булары (плавикті, күкіртті), кальций фториді, барий карбонаты, гипс және әктас шаңының әсерінен туындайтын 2-ші дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Болжамды еңбек ақы мөлшері деін 31.12.2023: 4 разряд бойынша 138 650 теңгеден бастап 5 разряд бойынша 162 150 теңгеден бастап 6 разряд бойынша 182 125 теңгеден бастап 01.01.2024 4 разряд бойынша 163 443 теңгеден бастап 5 разряд бойынша 173 501 теңгеден бастап 6 разряд бойынша 194 874 теңгеден бастап - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды