4-5-6 разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер Тантал өндірісі №10 цехының №3 бөлімшесі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
289

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4-разрядты білуі керек: - электроника негіздері; - тұрақты және айнымалы тоқ электр қозғалтқыштарының әртүрлі типтерінің құрылғысы; - қорғау және өлшеу аспаптарының құрылғысы; - коммутациялық аппаратураның құрылғысы; - электр қозғалтқыштары мен электр аппаратурасын тексеру, жөндеу, құрастыру, орнату және қызмет көрсетудің неғұрлым ұтымды тәсілдері, оларды асқын кернеулерден қорғау тәсілдері; - релелік қорғаудың мақсаты; максималды тоқтан қорғаудың жұмыс принципі мен схемасы; тоқ жүктемесіне байланысты сымдардың, балқытылатын кірістірулердің және қорғаныс аппараттарының қималарын таңдау; - жартылай өткізгіш және басқа түзеткіштердің құрылымы мен жұмыс принципі; - барлық типтегі электр сымдарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; жөндеу кезінде қолданылатын электр оқшаулағыш және өткізілетін материалдардың номенклатурасы, қасиеттері және өзара алмастырылуы; - жөндеу-тапсыру жұмыстарын жүргізу және жөндеуден кейін іске қосу-реттеу аппаратурасы бар электр жабдықтарын тапсыру әдістері; - қызмет көрсетілетін жабдықты баптаудың негізгі электрлік нормалары, оларды тексеру және өлшеу әдістері; - жабдықтың, қуат көздерінің жұмыс істеу принципі; күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы, мақсаты және қолдану шарттары; - әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясы; - 1000 В дейінгі III рұқсат тобынан төмен емес көлеміндегі электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидалары. 5-разрядты қосымша білуі керек: - телемеханика негіздері; - әртүрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, электр өлшеу аспаптарының және автоматты реттеудің құрылғысы мен электр схемалары; - максималды тоқтан қорғаудың мақсаты мен негізгі талаптары туралы жалпы мәліметтер; электр жабдықтары мен кабельдік желілерге сынақ жүргізу әдістері; - электр қозғалтқыштарының және басқа да қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының схемалары; - әртүрлі жүйелердің реле құрылғысы және оны тексеру және баптау тәсілдері; үлкен қуаттылықтағы электр машиналарын, күрделі электр жабдықтарын бөлшектеу, құрастыру, жөндеу және баптау жөніндегі жұмыстардың амалдары мен реттілігі; - электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынау ережесі; - электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын қадағалау мен оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі; - жөндеу кезінде қолданылатын аспаптарды пайдалану үшін қажетті геометриялық қисықтарды құру; түрлендіргіштердің, машиналық және лампалы генераторлары бар жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс принципі; - фи косинусын арттыру үшін статикалық конденсаторларға қажеттілікті есептеу; электр қозғалтқыштарын орталықтандыру және теңгерімдеу тәсілдері; жоғары жиілікті қорғаныстың мақсаты және түрлері; -бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережелері; - 1000 В дейін және одан жоғары IV рұқсат тобы көлеміндегі электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидалары. 6-разрядты қосымша білуі керек: - әр түрлі электр машиналарының, электр аппараттарының, кез келген қуат пен кернеудегі электр аспаптарының және автоматты желілердің конструкциясын, электр схемаларын, тәсілдері мен дәлдігін тексеру ережесі; - телебасқару және автоматты реттеу схемалары және оларды баптау тәсілдері; - күрделі релелер мен электрондық жүйе аспаптарының құрылысы мен конструкциясы; электроникамен, ультрадыбыстық, электр импульсті және электрондық қондырғылармен игнитронды дәнекерлеу аппараттарына қызмет көрсету ережесі; - электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын кешенді сынау әдістері; электрмен жабдықтау желісіндегі электр жабдықтарына электр схемаларын және басқа да техникалық құжаттаманы жасау қағидалары; - тарату құрылғыларының бастапқы және қайталама коммутациясының электр схемалары; жоғары жиілікті құлыптау қорғанысының жұмыс принципі; - кернеу тұрақтандырғыштарының, жартылай өткізгіштердің, селенді түзеткіштердің және жедел жарықтандыруды телеметриялық басқарудың және жедел басқару пульттерінің схемалары; - IV біліктілік тобының көлеміндегі қауіпсіздік техникасы ережелері. Арнайы орта білім қажет. 4, 5, 6-разрядты қосымша білуі керек: - «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптары; - «ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істейтін менеджмент жүйесінің талаптары; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - өндіріс экономикасының негіздері; - еңбек заңнамасының негіздері; - жұмыс нұсқаулары.

Білім:

Негізгі орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

4-разрядты меңгеруі керек: - Біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтердің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типтегі және көлемдегі электр жабдықтарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді жүргізу; жөндеуден кейін электр жетектерінің аппаратурасы мен аспаптарын реттеу және тексеру; күшейткіштерді, жарық және дыбыстық дабыл беру аспаптарын, контроллерлерді, басқару бекеттерін, магниттік станцияларды жөндеу; күрделі қосу схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсету; электр жетектерінің ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажырата отырып жұмыстарды жүргізу; трансформаторларды, сөндіргіштерді, ажыратқыштарды және оларға жетектерді конструкциялық элементтерді бөлшектей тексере отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуларды орындау; люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеру және жөндеу. кабельдерді ашу, бөлу, мөлшерлеу, төсеу, кіріс құрылғылары мен қосқыш муфталарды, кернеуі 35 кВ дейінгі кабель желілеріндегі соңғы бітеулерді монтаждауды жүзеге асыру; кабельдердің зақымдану орындарын анықтау, жерге қосу кедергісін, кабель қабығындағы потенциалдарды өлшеу; күрделілігі орташа қосу схемалары бар электр жабдығының істен шығуы мен ақауларын анықтау және жою; жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеу. Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау; Электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергілерін таңдау; біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтердің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типтегі және габаритті электр жабдықтарын күрделі жөндеуді орындау. 5-разрядты қосымша меңгеруі керек: - Кернеуі 15 кВ дейінгі жоғары вольтты электр машиналары мен электр аппараттарын және жүйелерін бөлшектеу, күрделі жөндеу, құрастыру, орнату және орталықтандыру; - қорғаныс құралдарының күрделі құрылғыларында және автоматика мен телемеханика аспаптарында сызбаларды баптауды және ақауларды жоюды орындау; - электр жабдықтарын қосудың аса күрделі схемалары және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттардың схемалары, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттейтін жабдықтары бар күштік және жарықтандыру қондырғыларына қызмет көрсету; - кіріс құрылғылары мен қосқыш муфталарды монтаждай отырып, кернеуі 35 кВ жоғары кабельдік желілерді монтаждауды және жөндеуді орындау; - қуаты 1000 кВт жоғары сынап түзеткіштер мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеуді, монтаждауды, орнатуды және баптауды орындау; - домна пештерінің, болат балқыту пештерінің, илектеу станоктарының, бұғаттау, дабыл беру, туннельдік пештердің басқару құрылғыларының, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ағынды-көліктік технологиялық желілердің, электрондық басқару схемалары бар дәнекерлеу жабдықтарының, электр жабдығының агрегаттары мен тоқ пен кернеу бойынша кері байланысы бар электромашиналық басқару жүйелері бар станоктардың жұмыс режимдерін автоматты реттеу құрылғыларын монтаждауды, жөндеуді, баптауды және қызмет көрсетуді орындау; - кептіру және вакуумдық пештердің, бірегей максималды тоқ автоматтары мен автоматты таспалардың күрделі электр жабдықтарын жөндеу; - электр машиналарының роторларын теңестіру, дірілді анықтау және жою. 6-разрядты қосымша меңгеруі керек: - Кернеуі 15 кВ жоғары жоғары вольтты электр машиналары мен әртүрлі типтегі электр аппараттарын және жүйелерін бөлшектеу, күрделі жөндеу, құрастыру, орнату және орталықтандыру; - бастапқы және қайталама коммутация және қашықтан басқарудың аса күрделі схемалары бар өндірістік учаскелерге немесе цехтарға қызмет көрсету; - технологиялық жабдықтың жауапты, аса күрделі, эксперименттік схемаларын, автоматты желілердің күрделі электр схемаларын, сондай-ақ жауапты және эксперименттік электр машиналарын, электр аппараттарын, электр аспаптарын және бірегей және дәл металл өңдеу жабдығының электр схемаларын баптауды, жөндеуді және реттеуді орындау; - электрлік өздігінен жазатын және электрондық аспаптарға қызмет көрсетуді, баптауды және реттеуді орындау; - электроникамен, ультрадыбыстық, электронды, электр импульстік қондырғылармен, аса күрделі қашықтықтан қорғау құрылғыларымен, резервті автоматты қосу құрылғыларымен, сондай-ақ транзисторлық және логикалық элементтерде жартылай өткізгіш қондырғыларды қолдана отырып, күрделі схемалармен игнитронды дәнекерлеу аппараттарына қызмет көрсету және баптау; - өлшеу трансформаторларының дәлдік кластарын тексеру; - қысым астында маймен немесе газбен толтырылған арнайы құбырларда кабель желілерін жөндеу, монтаждау және бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау; - жоғары вольтты кабельдік желілерде күрделі эпоксидті соңғы кесулерді, сондай-ақ мыс және алюминий кабельдер арасындағы қосқыш муфталарды монтаждауды орындау; - күрделі жөндеуден кейін әртүрлі қуаттылықтағы электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және трансформаторларды кешенді сынауды орындау - Жөнделген электр жабдықтарын пайдалануға беруге дайындау.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 4-разряд бойынша 126 900 теңгеден бастап 5-разряд бойынша 150 400 теңгеден бастап 6-разряд бойынша 170 375 теңгеден бастап - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды