Санаты жоқ / II санатты / I санатты инженер-технолог Бериллий өндірісі өндірістік-технологиялық бөлімінің өндірістік тобы (№ 51-01-22/6405 от 01.12.2023) - 1ед.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
320

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі лауазымдық міндеттер: - Дайын өнімді шығаруға, жоспар-тапсырмаларға, шикізатты жинауға арналған спецификацияларды әзірлейді және олардың ағымдағы айда және жоспарланып отырған жылы орындалуына мониторингті жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда оларды түзетеді. - Материалды пайдаланудың өнімнің белгілі бір түрін шығаруға шикізат жиынтығына сәйкестігін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады. - Шикізат қозғалысына, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім шығаруға жедел бақылауды жүзеге асырады. - Аяқталмаған өндірістің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, шикізат түсімінің, өңделуінің және қалдықтарының теңгерімін жасайды. - Баланстық комиссиялардың, аяқталмаған өндірісті алу жөніндегі комиссиялардың және негізгі өндірістік қызмет мәселелерін қарайтын басқа комиссиялардың жұмысына қатысады; - Келісімшарттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен іскерлік хат алмасуға қатысады. - Өндірістік бағдарламалар мен спецификацияларды орындау мәселелері бойынша «ҮМЗ» АҚ бөлімдері мен бөлімшелерінің, өндіріс қызметтері мен цехтарының әрекеттерін үйлестіруге қатысады. - АӨ нормативін және өндірістің өндірістік қуаттарын есептейді. - Жоспарланған жылға ТЭК, ҮН және ТЭЕ әзірлейді, қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оларды өндіріс бөлімшелерінің орындау мониторингін жүзеге асырады. - Өндірістік қызметтен қалдықтардың пайда болуының үлестік нормаларын, қалдықтарды ҚШУ -да орналастыру жоспарын әзірлейді, төгіндінің нақты көлеміне және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізеді. - Өндіріс қоймаларында шикізат, материалдар мен реагенттерге мониторинг жүргізеді, ШҮН сәйкес шикізаттың, материалдар мен реагенттердің қажетті мөлшерін сатып алуды жоспарлайды. - Материалдар мен реагенттерді сатып алуға өтінімдерді рәсімдейді және түзетеді, «ҮМЗ» АҚ қоймаларынан оларды іріктеуге мониторингті жүзеге асырады. - «ҮМЗ» АҚ басқа бөлімшелерімен қызмет көрсетуге өтінімдер жобаларын әзірлейді. - Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндіріс қалдықтарын, реагенттер мен материалдарды есепке алу бойынша нормативтік құжаттаманы әзірлейді. - Статистикалық әдістердің көмегімен өндірістік қызметке, нормативтер мен нормалардың орындалуына талдау жүргізеді. - Технологиялық процесте пайдаланылатын бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге қатысады, оларды енгізгеннен кейін сүйемелдейді. - Өндірістік қызметпен байланысты есептік құжаттаманы ресімдейді. - Өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. - Менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыруға қатысады. - Анықталған сәйкессіздіктерге талдау жүргізуге және олардың себептерін анықтауға, түзету, алдын алу іс-әрекеттерін және жақсарту іс-әрекеттерін анықтауға және іске асыруға қатысады; - ӨТБ ӨТ басшысы жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады. ӨТБ ӨТ басшысының және жоғары тұрған басшылықтың нұсқауларын немесе өкімдерін орындайды. Санаты жоқ - білуге тиіс: ДЭЕМ құралдары мен ұйымдастыру техникасы, құпиялық режимі, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, өткізу және объектішілік режим ережелерінің талаптары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, менеджмент жүйесінің талаптары. Экономика негіздері, өндірісті ұйымдастыру, техникалық-экономикалық жоспарлау. ӨТБ ӨТ II / I санатты инженер-технологі қосымша білуге тиіс: өндірістік қуаттар, өндіріс технологиясы, жабдық және оны пайдалану ережелері, Техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі нормативтік құжаттар, қолданыстағы өндіріске арналған әдістемелік, нормативтік, технологиялық, жобалау және конструкторлық құжаттар. Өндірістің техникалық және экономикалық даму перспективалары, ТМД елдерінде және шетелде тиісті саладағы ғылым мен техниканың жетістіктері, озық кәсіпорындардың тәжірибесі.

Білім:

Санаты жоқ - орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік); Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық, жаратылыстану ғылымдары, экономикалық білім II және I санаттар - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық, жаратылыстану ғылымдары, экономикалық білім.

Дағдылар:

Санаты жоқ орта техникалық және кәсіптік білімі бар болса - І санатты техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, жоғары техникалық білімі бар болса – ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде білу; II санатты - инженер-технолог лауазымында немесе басқа инженерлік-техникалық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; I санатты - инженер-технолог лауазымында немесе басқа инженерлік-техникалық лауазымдарда II санаттан төмен емес жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Қосымша:

Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына. Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - қалыпты еңбек жағдайлары; - бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына өте зиянды әсерінен туындаған 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс және демалыс режимі: аптасына 40, 36 сағат және демалыс күндері сенбі және жексенбі күндері Болжамды еңбек ақы мөлшері: санаты жоқ: 176 250 теңгеден бастап II санатты: 190 820 теңгеден бастап I санатты: 205 860 теңгеден бастап - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар. Тағылымдама: - кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімге белгіленеді.

Білетін тілдер:

-