Бақылау - өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь 4-5-6-7 разряд тантал өндірісі № 10 цехының № 5 бөлімшесі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
603

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4-ші разряд бойынша білуі тиіс: -жөнделетін және реттелетін күрделі аспаптардың, механизмдердің, аппараттардың құрылғысы, жұмыс принципі және реттеу тәсілдері; -бақылау-өлшеу және бақылау-дәлдеу аспаптарының қолданылу мақсаты мен тәсілдері, қызмет көрсетілетін аспаптардың кинематикасы, электр сызбасы; - жабдықтар мен қондырғыларды, аспаптарды пайдалану ережесі; - реттелген радиоэлектрондық құрылғыларды сынау және тапсыру ережелері; - реттелетін аппаратураға кестелер мен осциллограммалар жасау; - қызмет көрсетілетін арнайы аппаратура блоктарының электр схемалары; - аспаптар мен аппараттарды реттеу және өлшемдеу тәсілдері және оларды сынау кезінде сипаттамаларды алу ережесі; - кедергілерді есептеу ережелері; - күрделі жалғаулар схемалары; - аспаптарды сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу ережелері; - жылу және электр схемалары мен сызбаларын белгілеу; - өлшеу аспаптарына арналған стандарттың, нұсқаулықтар мен әдістемелердің талаптары; - рұқсат беру және қондыру жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері; - орындалатын жұмыс шегінде механика, радиотехника, жылу техникасы, электротехника және электроника бойынша негізгі мәліметтер. 5-ші разряд бойынша білуі тиіс: -жөнделетін күрделі және нақты аспаптардың конструктивтік ерекшеліктері және оларды реттеу және дәлдеу тәсілдері; - нақты өлшеу құралдарының құрылғысы; - аспаптардың кинематикасы, электр схемалары, жұмыс принципі, аспаптардың блок-схемалары; - аспаптар мен автоматтардың жұмысында ақаулардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары; - барлық типтегі өздігінен жазатын аспаптардың кинематикалық схемасы; - күрделі аспаптар мен автоматтарды жөндеу, дәлдеу ережесі және қажетті дәлдікті алуға кепілдік беретін базистік беттерді таңдау ережесі; - арнайы аппаратураның, блоктардың жұмыс режимдері және оларды реттеу тәсілдері; - орындалатын жұмыс шегінде электротехника, жылу техникасы, радиотехника және оптика бойынша теория негіздері. 6-ші разряд бойынша білуі тиіс: - күрделі құрылғылардың құрылысы, өзара әрекеті, оларды құрастырудың технологиялық процесі және дәлдеу әдістері; - жылу автоматикасы құрылғыларының электрлік жылу схемалары; - күрделі бақылау-дәлдеу аспаптарының құрылысы мен салыстыру әдістері; - аспаптардың блок-схемалары мен қағидаттық схемалары, өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі, оларды пайдалану қағидалары; - үлгі ретінде пайдаланылатын өлшеу аспаптары мен қондырғыларының құрылысы, жұмыс принципі; - аспаптар көрсеткіштерінің агрегаттардың жұмысымен өзара байланысы, түзетулерді есептеу, автоматиканың күрделі сызбаларын оқу, күрделі диаграммаларды өңдеу ережелері; - аспап жасауда қолданылатын оптикалық шынының, металдардың және қосалқы материалдардың, өткізгіштердің, жартылай өткізгіштердің қасиеттері; - әр түрлі ілініс пішіндеріндегі тісті доңғалақтарды есептеу негіздері; - өлшеу аспаптарына арналған стандарттың, нұсқаулықтар мен әдістемелердің талаптары; - орындалатын жұмыс көлемінде физика, механика, телемеханика, жылу техникасы, электротехника, метрология, қолданбалы және физикалық оптика, радиотехника және электроника негіздері. 7-ші разряд бойынша білуі тиіс: - микропроцессорлық техника базасында басқару жүйелерін құрудың негізгі принциптері; - бағдарламаланатын контроллерлердің, микро және мини-ЭЕМ функционалдық және құрылымдық схемалары, - микропроцессорлық құрылғылардың конструкциясы; - бағдарламалау негіздері және автоматтандырылған электр жетегінің теориялары; - технологиялық және тестілік бағдарламаларды енгізу тәсілдері; - түрлендіру техникасы құрылғылары мен аспаптарының берілген статикалық және динамикалық сипаттамаларын алу мақсатында жүйелерді реттеу әдістемесі; - микропроцессорлық техника базасында жасалған негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен диагностикалық аппаратураның құрылғысы; - басқару жүйелерінде «жадыны» құру әдістері мен ұйымдастырылуы.

Білім:

- негізгі ортадан төмен емес; - 7-разряд бойынша орта-арнайы білім талап етіледі

Дағдылар:

4-ші разряд бойынша: - күрделі электромагниттік, электродинамикалық, жылу өлшеу, оптикалық-механикалық, санау, автоматты, радио өлшеу және бөлшектер мен тораптарды қиюластыру және жетілдіру арқылы басқа да аспаптарды жөндеу, реттеу, сынау, дәлдеу, монтаждау және тапсыру; - күрделілігі орташа арнайы аппаратура мен ЭЕМ аппаратурасын электрлік реттеу, әр түрлі қуат көздерін реттеу; - бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, оларды схемаға қосып және осциллограммаларды түсіре отырып, аппаратураның жұмысқа қабілеттілігін толық тексеру; -жөнделетін аспаптардың ақауларын анықтау және жою; -бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу және тісті және бұрамдық ілмектерді құрастыру; - күрделі жалғау схемаларын жасау және монтаждау; - аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателерді есептеу; - ақаулы ведомостарды жасау және аспаптар мен автоматтарға паспорттар мен аттестаттарды толтыру. 5-ші разряд бойынша: - күрделі жылу өлшеу, оптикалық-механикалық, электродинамикалық, санау, автоматты және басқа аспаптарды жиынтықтау механизмімен және көрсеткіштерді қашықтықтан беру арқылы автоматты реттеу қондырғысымен жөндеу, реттеу, сынау, дәлдеу, монтаждау, баптау және тапсыру; -күрделі радиоэлектрондық құрылғыларды, ЭЕМ аппаратурасын және арнайы радиоаппаратураны электрлік реттеу мен электромеханикалық баптау; -күрделі жалғау схемаларын жасау; - аспаптардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою; - шкалаларды, торларды сызу және күрделі эскиздер жасау; - электр аспаптарын өлшеудің басқа шектеріне қайта есептеу; - жылу және электр бақылау-өлшеу аспаптарының, автореттегіштердің және қуат беру автоматтарының барлық түрлерінің жұмысын реттеу және тексеру. 6-ші разряд бойынша: - проекциялық және оптикалық жүйелердің, радиоактивті аспаптардың эксперименттік, тәжірибелік және бірегей жылу өлшеу, автоматты және электрондық аппаратураларын жөндеу, реттеу, монтаждау, сынау, баптау, дәлдеу және дәлдік тексеру; - күрделі электрондық схемалары бар автоматика блоктарын, күшейткіштерді, бағдарламалық басқарылатын автоматтарда бақылау блоктарын реттеу; - аппаратура жұмысындағы ақауларды анықтау және жою; - бөлшектер мен тораптардың тозу дәрежесін анықтау; - монтаждық бақылау схемалары мен автоматиканы құрастырғаннан кейін технологиялық жабдықтың жұмысын баптау және кешенді сынау; - жылу автоматикасы құрылғыларын тексеру үшін схемаларды жинау; - жоғары дәлдіктегі жылу жабдығынан градиент алу; - қажетті материалдарды ресімдей отырып, өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуді жүргізу. 7-ші разряд бойынша: - микропроцессорлар, шағын және микро - ЭЕМ базасында электрондық құрылғыларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және пайдалануға беру;; - - - күрделі аспаптар жүйелерін және контроллерлерді, микро-және мини-компьютерлерді және басқа да жабдықтарды бағдарламалайтын осы жүйе элементтерін қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындай отырып, микропроцессорлық техника базасында жабдықты басқару жүйелерін, электрондық-есептеу техникасы құралдарын оларды берілген параметрлерге шығаруды қамтамасыз ете отырып, баптау, реттеу және пайдалануға беру; - арнайы тестілік бағдарламалардың көмегімен жабдықтың басқару жүйелерін диагностикалау; - арнайы сынақ бағдарламалары арқылы жабдықты басқару жүйелерін диагностикалау.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - қышқыл буларының (плавик, азот), азот оксидтерінің, мыс оксидтерінің, минералды майлардың аэрозольдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары; - минералды майлардың аэрозольдерінің әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары Болжамды еңбекақы мөлшері: 4-разряд бойынша 150 870 теңге 5-разряд бойынша 160 928 теңге 6-разряд бойынша 182 301 теңге 7-разряд бойынша 203 046 теңге - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар

Білетін тілдер:

- талап қойылмайды