Шебер-механик (№76-17-17/156 от 24.01.2024 г.) 1 ед., г.Курчатов

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
244

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Шебер механик: - Бөлімшенің механикалық қызметінің бағынысты персоналының жұмысын жоспарлауды және басшылықты жүзеге асырады. -Бөлімшенің механикалық қызметіне тиесілі жабдықтар мен беру құрылғыларының жұмысқа жарамды, техникалық жарамды жай-күйін, оларды үздіксіз, үнемді және қауіпсіз пайдалануды, уақтылы сапалы техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу мен жаңартуды қамтамасыз етеді. - Механикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің бекітілген жоспар-кестелеріне сәйкес бағынысты персоналдың жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді. - Стандартты емес жабдықтар мен құрылғыларды (тиісті рұқсат болған жағдайда) дайындау бойынша және пайдалану, жөндеу және конструкторлық құжаттама талаптары мен ТҚКжЖЖ ұсынымдарына сәйкес механикалық жабдықты монтаждау және жөндеу жұмыстарының қауіпсіз, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді - Орнатылмаған және тоқтатылып қойған механикалық жабдықтың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. - Тозған механикалық жабдықтан бағалы және түсті металдардың қалдықтарын жинауды және кәдеге жаратуды ұйымдастырады. - Нұсқама жүргізеді және бағынысты персоналдың білімін мерзімді тексеруді жүзеге асырады. - Механикалық Жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмыс режимдерін бақылауды жүзеге асырады. - Механикалық жабдықты жөндеуге арналған ақаулы ведомостарды әзірлейді және жасайды. - Материалдық ресурстарға қажеттіліктің есептеулерін жасайды. - Сатып алу құжаттамасын ресімдейді, механикалық жабдықты жарамды күйде ұстау үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуға өтінімдер мен есептеулер жасайды. - Механикалық жабдықтың жұмысын есепке алады, оның тоқтап қалу себептері мен ұзақтығын анықтайды және талдайды, оларды жою бойынша ұсыныстар дайындайды. - Бағынысты персоналдың жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асырады. - Материалдарды үнемдеу және жұмсау нормаларын төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөнінде шаралар әзірлейді және қабылдайды. - Тауарлық материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады. - Механикалық жабдықты пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. - Механикалық жабдықтардың жұмысында апат пен ақаудың себептерін анықтауға және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. - Технологиялық жабдықтау құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді (өз құзыреті саласында). - Бағынысты персоналдың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режим талаптарын, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын орындауын бақылайды. -«ҮМЗ»АҚ басшылығының саясатын бағынысты персоналдың назарға жеткізуге және түсіндіруге қатысады. - Бағынысты персоналдың назарына тұтынушылардың (ішкі және/немесе сыртқы) талаптарын, сондай-ақ заңнамалық және басқа да міндетті талаптарды орындаудың маңыздылығын жеткізуге қатысады. - Бағынысты персонал арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөледі және белгіленген талаптардың орындалуын бақылайды. - Ресурстарды анықтайды және жоспарлайды (өз құзыреті саласында). -Бағынысты персоналдың өз қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы және менеджмент саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді. - Өндірістік қызмет процесінде бағынысты қызметкерлердің тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. - Қарамағындағы қызметкерлермен өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін бұзушылықтардың алдын алу, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс уақытын сақтауы, еңбекті ұйымдастыру және төлеу мәселелері бойынша тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. - Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. -Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын орындайды. - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. - Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, Еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. - №14.025 ӨҚжЕҚБ БҚ сәйкес өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Білім:

орта (техникалық және кәсіптік) білімнен төмен емес

Дағдылар:

Шебер-механиктің жұмысы механикалық жабдықтар мен беру құрылғыларын пайдалануға, жөндеуге және (немесе) қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарда (кәсіптерде) кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Қосымша:

Шебер механик білуі керек: - жабдыққа техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жүйесі; - менеджмент жүйесінің негіздері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; - құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптары.

Білетін тілдер:

-