Бериллий өндірісі конструкторлар тобының санаты жоқ / II санатты / I санатты инженер-конструкторшысы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
264

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Белгіленген мерзімде сапалы конструкторлық құжаттаманы (бұдан әрі мәтін бойынша – КҚ) әзірлейді және шығарады. Әзірленіп жатқан КҚ нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына және техникалық тапсырмаларға, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидаларға, нормалар мен нұсқаулықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Әзірленетін бұйымдарды, тораптарды, бөлшектерді және т. б. өндіруге, монтаждауға және пайдалануға авторлық қадағалау жүргізеді. Бериллий өндірісінің конструкторлар тобы (бұдан әрі мәтін бойынша – БӨ КТ) әзірлеген КҚ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. БӨ КТ әзірлеген, сондай-ақ өндірістің ағымдағы жұмысы үшін қажетті Үлбі жобалау-конструкторлық институтының мұрағатынан БӨ қызметтері мен бөлімшелерін КҚ қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда жаңа жабдықтар мен учаскелерді тексеруге, бағалауға және сынауға қатысады. Қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша техникалық ұсыныстар дайындайды. Қайта жаңартылатын учаскелерді жобалау алдындағы пысықтауды орындай отырып, Үлбі жобалау-конструкторлық институтына, бөгде ұйымдарға техникалық тапсырмалар дайындайды. Соңғы техникалық және анықтамалық әдебиеттерді зерттейді

Білім:

Жоғары техникалық білім

Дағдылар:

Білуі керек: - ҚР Еңбек кодексі; - Экономика, Менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; - Менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, СМОС, СМОЗиОБТ); - Құжаттау және құжаттаманы басқару Ережелері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; - Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтаудың талаптары. II / I санатты инженер-конструктор үшін қосымша- білуі тиіс: өндірістің конструкторлық дайындығына қатысты заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, стандарттарды және басқа да басшылық материалдарды, өндірістің ерекшелігін, ұйымдастырылуын, технологиясын, жабдықтарын.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: Санатсыз - 188 588 теңгеден бастап; 2 санатты – 204 177 теңгеден бастап; 1 санатты - 220 270 теңгеден бастап. - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар.

Білетін тілдер:

-