5 разрядты кең бейінді білдекші

347141 - 347140 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
330

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • 6-7 квалитет бойынша токарлық, токарлық-бұрама кескіш, токарлық-айналдырғы, фрезерлік, тегістеу, қашауыш, тіс кескіш, таспа кескіш, жонғыш білдектерінде, 6-7 квалитет бойынша СББ басқарылатын білдектерде, 6 квалитет бойынша бұрғылау және тегістеу білдектерінде әртүрлі құрылғылардың көмегімен салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып және бірнеше жазықтықта дәл салыстыра отырып, бөлшектерді өңдеу;
  • күрделі құрылғыларды және арнайы кескіш құрал-сайманды орната отырып, бұйымдарды өңдеуге арналған сандық бағдарламалық басқаруды қоса алғанда, әртүрлі білдектерді баптау;
  • легирленген болаттардан, арнайы және қатты қорытпалардан жасалған бөлшектерде тесіктерді бұрғылау, жаймалау, жону;
  • барлық қажетті есептерді орындай отырып, әмбебап және оптикалық бөлгіш бастиектерінде бұрандалар мен шиыршықтардың барлық түрлерін кесу;
  • бірегей жабдықта күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды фрезерлік өңдеу;
  • Үлгі бойынша немесе орын бойынша толық сызбаларға сәйкес, 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді қашауыш білдектерінде өңдеу;
  • электркорундты тегістеу.

Біліктілік талаптары:
- техникалық және кәсіптік білім немесе жалпы орта білім;
- мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - 3 жылдан кем емес;
- сандық бағдарламалық басқару білдектерінде оқудан өткені туралы сертификаттардың болуы (құпталады).

Білімі мен дағдылары:
- сызбаларды оқу дағдылары;
- 1М63, ФТ-11Д, 1512 және 1525 Ф-1 токарлық-айналдырғы, 8Б-72 аралы-кескіш, 3М642 жазық тегістегіш білдектерде жұмыс істеу дағдылары;
- сандық бағдарламалық басқару, ЕЗС-475 тіс қашауыш, 5К32П тіс кескіш, 7А420 және БС7402 қашауыш білдектерінде, сондай-ақ фрезерлік топтардың білдектерінде жұмыс істеу дағдылары;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж