Жедел есеп беру бойынша функционалдық бағыттың менеджері (13 грейд)

от 294523
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
420

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Контейнерлер бойынша қолда бар, жүк вагондарының қолда бары және тоқтап тұруы, тасымалдау саласының техникалық жабдықталуы көрсеткіштері бойынша статистикалық есепке алуды жүргізу және статистикалық есептілікті жасау әдістемесін сақтау бақылауды жүзеге асырады.
  • ТО-2, ТО-4, ТО-15, АГО-2, АГО-14, АГО-16, ЛО-4 нысандары бойынша жиынтық статистикалық есептерді жинайды және жасайды (жылына 2 рет).
  • бизнес деректерін қалыптастыру, контейнерлердің көрсеткіштерін, жүк вагондарының бос тұру уақыты көрсеткіштерінің жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді.
  • мемлекетаралық тораптардағы жүк вагондарын қабылдау және тапсыру көрсеткіштеріне, жүк вагондарының бос тұрып қалуына статистикалық талдау жүргізеді.
  • Қоғамның «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының ақпараттық жүйелерінде қалыптастырылған жүк вагондарының қолда бары мен жай-күйінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді, ДО-15 нысанды есептің көрсеткіштеріне сәйкес келмеу себептерін талдайды.
  • менеджерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша статистикалық есепке алуды жүргізуді және статистикалық есептілікті жасауды автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, уақтылы бекітуді үйлестіреді, Департаменттің өңірлік бөлімшелерінің ауысымдық жұмыскерлерінің жұмыс кестелерінің дұрыстығын тексереді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: тиісті қызмет бейін бойынша жоғары кәсіби. Мүмкіндігінше: тиісті лауазымдық/МВА /басқа бейіні бойынша магистр дәреженің қолда бары;
  • Мамандық: Экономика, Менеджмент, Есепке алу және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және бақылау, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Тасымалдауды, қозғалыс және көлік пайдалануын ұйымдастыру.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша жұмыс 2 жылдан кем емес.

Қосымша талаптар:

  • статистикалық есепке алуды жүргізу және статистикалық есептілікті жасау тәртібі туралы Қоғамның жергілікті актілері
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдарының нормативтік-құқықтық актілері
  • Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Қоғам басшылығының бұйрықтары (өкімдері, нұсқаулары)
  • Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын темір жол көлігі жөніндегі халықаралық ұйымдардың темір жол көлігі статистикасы бойынша нормативтік құжаттары
  • Бизнес-аналитика және темір жол статистикасының негіздері.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы