Лауазымдық жауапкершілік:
СО энергетик қызметінің 4-разрядты слесарь-сантехнигі меңгеруі керек:
- санитарлық-техникалық жүйелердің, орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың бөлшектері мен тораптарының күрделілігі орташа бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды жүргізу;
- аспап пен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу;
- жөндеу орнында шойын радиаторларын топтастыруды және қосымша топтастыруды жүргізу;
- жылыту панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктардың құбырларын жалғау;
- піспекті пистолеттің көмегімен бөлшектер мен құрылғыларды бекіту.
СО энергетик қызметінің 5-разрядты слесарь-сантехнигі меңгеруі керек:
- орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды жүргізу;
- шойын құбырлардан жасалған құбыр учаскелерін ауыстыруды жүргізу;
- құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды анықтау.
СО энергетик қызметінің 6-разрядты слесарь-сантехнигі меңгеруі керек:
-орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды жүргізу;
- санитарлық-техникалық жүйелерді сынау;
- аппаратураны тексеру және сынау;
- бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу.
Білім:
Жалпы орта білімнен төмен емесДағдылар:
СО энергетик қызметінің 4-разрядты слесарь-сантехнигі білуі керек:
- болат және полимерлі құбырлардан жасалған құбыржолдық санитарлық-техникалық жүйелердің құрылысы мен жөндеу тәсілдері, аспаптар мен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу тәсілдері, санитарлық және жылыту аспаптарын орнату ережесі;
- піспекті пистолеттер құрылысы және олармен жұмыс істеу ережелері;
- жылу пайдаланатын қондырғылар мен жылу желілерінің ТПЕ және ТҚЕ.
СО энергетик қызметінің 5-разрядты слесарь-сантехнигі білуі керек:
түрлі санитарлық-техникалық құбыржол жүйелерінің құрылысы мен жөндеу тәсілдері, құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу тәсілдері.
СО энергетик қызметінің 6-разрядты слесарь-сантехнигі білуі керек:
санитарлық-техникалық жүйелер мен арматураларды сынау қағидалары, қазандықтарды, бойлерлерді, калориферлер мен сорғыларды дайындау және сынау тәсілдері.
4-5-6-разрядты слесарь-сантехник қосымша білуі керек:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын талаптар;
- жұмыс нұсқаулығы;
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері;
- «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі;
- өндіріс экономикасының негіздері;
- слесарлық істің негіздері;
- ҚР еңбек заңнамасының негіздері;
- «ҮМЗ» АҚ-да әрекет ететін менеджмент жүйесінің талаптары (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭМЖ).
Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері:
4 разряд бойынша 125 725 теңгеден бастап
5-разряд бойынша 135 783 теңгеден бастап
6 разряд бойынша 157 156 теңгеден басттап
Білетін тілдер:
-