Стратегиялық даму және жаңа жобалар бөлімі Жаңа жобалар жөніндегі менеджер, жетекші менеджер

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
282

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1 «ҮМЗ» АҚ-да жаңа жобалар бойынша жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асырады және орындауды ұйымдастырады. 2 Жаңа жобалардың «ҮМЗ» АҚ даму стратегиясына сәйкес келуін анықтайды, «ҮМЗ» АҚ стратегиялық инвестициялық жобаларын, сонымен қатар «ҮМЗ» АҚ дамуына елеулі мәні бар үлкен қаржыны қажет ететін жобаларды тексеруді және келісуді жүргізеді. 3 Жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді және тиісті есептілік жасайды. 4 Жобалардың қаржылық-экономикалық моделін есептелуін орындайды. 5 Бизнес-жобалардың, бизнес-жоспарлардың экономикалық негізделуін және мақсатқа сай болуына есептеу жүргізеді. 6 Жобаларға негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есепке ала отырып, бағалау және экономикалық талдау жүргізеді. 7 Ықтимал өзгерістер есебімен жобаның сезімталдық талдауын жүргізеді. 8 Басқа бөлімдердің мамандарынан (маркетологтар, инженерлер, бухгалтерлер және т.б.) алған деректерді жинайды және талдайды. 9 Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді жүргізеді. 10 Басқа бөлімшенің жұмыскерлерімен бірге өнімді сату көлемін арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған жоспарлар мен іс-шараларды әзірлейді. 11 Жаңа жобаларды әзірлеуге бастама жасайды және идеяларды әзірлейді. 12 Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жол картасын, іс-шаралардың тактикалық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысады.

Білім:

Жоғары (не ЖОО кейін) экономикалық не инженерлік-экономикалық

Дағдылар:

Менеджер үшін: ДЭЕМ және ұйымдастырушылық техниканы меңгеру деңгейі, экономист лауазымында еңбек өтілінің/міндеттерін атқару болуы; Жетекші менеджер үшін: менеджер лауазымында 3 жылдан кем емес еңбек өтілі; Менеджер білуі тиіс: - менеджмент жүйесінің негіздерін (СМЖ, ҚОМЖ, ЕҚжЕҚҚМЖ, ЭжМЖ, МСЖ) (өз құзыреті шегінде); -«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелері; - өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрттік қауіпсіздік және өндіріс мәдениеті бойынша ережелер, нормалар және нұсқаулықтар талаптары; - құпиялылық режимін, өту және нысанішілік режим, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік талаптары; Жетекші менеджер білуі тиіс: - менеджмент жүйесінің негіздерін (СМЖ, ҚОМЖ, ЕҚжЕҚҚМЖ, ЭжМЖ, МСЖ) (өз құзыреті шегінде); -«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелері; - өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрттік қауіпсіздік және өндіріс мәдениеті бойынша ережелер, нормалар және нұсқаулықтар талаптары; - құпиялылық режимін, өту және нысанішілік режим, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік талаптары. - бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібін (жобалардың қаржылық-экономикалық моделін); - жобаларды экономикалық талдау әдістері; - техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу тәртібі.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: Менеджер үшін – 255 976 теңгеден бастап; Жетекші менеджер үшін - 361 082 теңгеден бастап

Білетін тілдер:

Ағылшын не басқа тілдерді білуі құпталады