Технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі топтың жетекшісі

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
1033

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • «НКОК» компаниясында өндірістік қатерлерді басқару бойынша орынды процедуралардың «НКОК» компаниясының өндірістік қатерлерді басқару құрылымына сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету;
  • «НКОК Н.В.» компаниясының барлық директораттарында ӨҚБ процесі бойынша жауапты тұлға ретінде әрекет ету, Өндірістік тұтастықты қамтамасыз ету комитетінде оның статусы туралы есеп беруге қолдау көрсету;
  • «НКОК» компаниясының технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құрылымын әзірлеу және жүргізу;
  • «НКОК» компаниясына технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасы ету мәдениетін, іс-қимылдар мен тиімділігін басқаруға қолдау көрсету;
  • технологиялық процестердің қауіпсіздігімен байланысты оқиғалардың алдын алуға арналған бақылау, соның ішінде жобалау/құрылыс жұмыстарының тұтастығын, техникалық тұтастықты, пайдалану тұтастығын және қамтамасыз ету шараларын жетілдіру бойынша мақсатты және кешенді тәсіл қолдану;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • инженерлік-техникалық мамандық бойынша жоғары білімі (бакалавр/магистрі дәрежесі);
  • стандартты біліктілік талаптарында көрсетілгендей өз саласының мықты маманына тән дағдылары;
  • мұнай-газ саласында техникалық, өндірістік және/немесе тұтастықты қамтамасыз ету лауазымдарында кем дегенде 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • активтерді басқару және тұтастығын қамтамасыз ету және тиісті техникалық салалар бойынша терең түсінігі;
  • ең үздік өндірістік тәжірибе және оларды пайдалану бойынша білімі;
  • түрлі мәдениет өкілдерінен құрылған ұжымды басқару және ынталандыру қабілеті;
  • ықпал етудің мықты дағдылары және барлық деңгейде қарым-қатынас құру қабілеті;
  • күрделі өзгерістерді енгізу жұмыстарын басқару және жүзеге асыру бойынша тәжірибесі, оның ішінде мүдделі тараптарды басқару бойынша тәжірибесі.

Лауазым иесінің төмендегілер бойынша кәсіби дағдыларға ие болуы тиіс:

  • мұнай-газ өндіру/өнім өндіру технологиясы;
  • ҚФӘБП және өндірістік қатерлерді басқару; ірі апаттардың орын алу қаупі бойынша тосқауылдыларды бақылу шаралары;
  • активтердің тұтастығын басқару;
  • өндірістік операцияларды басқару;
  • Өзгерістерді басқару
  • мердігерлермен жұмыс істеу;

Лауазым иесінің келесі салаларда расталған жетекшілік дағдылары болуы керек:

  • ортақ пікір қалыптастыру;
  • өзгерістерді басқару;
  • өзге қызметкерлерді тарту арқылы нәтижелерге қол жеткізу.
  • қызметкерлерді ынталандыру, үйрету және дамыту.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)