«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Заң бөлімінің маманы (келісім шарттар жөніндегі) бос қызмет орнына кандидаттарды іздестіру туралы хабарлайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
664

   Конкурс туралы

Білімі:
Жоғары кәсіби

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе қызметінің функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін салаларда кем дегенде 1 (бір) жыл.
Ұйым бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда жұмыс жасаған жылдарына артықшылық беріледі)  кемінде 1 (бір) жыл.

Қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары:
1. ҚР Конституциясының нормалары;
2. еңбек, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының негіздері;
3. ҚТКФ Жарғысы;
4. осы қызметті атқару үшін қажетті ҚР қолданыстағы заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілері;
5. МБЖ және ҚБЖ құжаттамасы;
6. еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария қағидалары мен нормалары, ішкі тәртіп қағидалары;
7. ТБЖ және ҚТКФ ішкі бақылау жүйесінің негіздері;
8. компьютерлік техника, телекоммуникация және байланыс құралдары;
9. мемлекеттік тілді білуі;
10 .«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі.

 

Осы қызметтегі функционалдық міндеттері:
1. Келісім шарттарды, келісімдерді, шарттарды, ниет хаттамаларын және үшінші тұлғалармен қатынастарда меморандумдарды жасасу және олардың келісілуін жүргізу кезінде ҚТКФ қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2. Шетелдік контрагенттермен жасасқан шарттардың, келісімдердің, ниет хаттамаларының, меморандумдардың жобаларына құқықтық сараптаманы және талдауды жүзеге асыру;
3. Сатып алуларға жасасатын шарттарды, келісімдерді, келісім шарттарды әзірлеуді, ресімдеуді, келісілуін жүргізуді қамтамасыз ету;
4. Басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік жазбаларды, хаттарды, қорытындыларды, бұйрықтарды және өзге ішкі құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыру;
5. Келісім шарттық менеджментті жүзеге асыру шеңберінде төлем жүргізуге арналған өтінімдерді қалыптастыруды, өзге құжаттарды жинауды жеке құзыреті шегінде жүзеге асыру;
6. Іс жүргізуді жүзеге асыру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр