Екібастұз қ., "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Күрделі құрылыс қызметінің Жобалау-сметалық құжаттаманы талдау, есепке алу және сараптау тобының жетекші инженері.

322600 - 322600 KZT
"KEGOC" АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
711

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1 арнайы:

1) құрылыс- монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды және мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады;

2) күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдеріне, мерзімдері мен сапасына, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасына, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайды;

3) құрылыс, қайта жаңғырту объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты, жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;

4) салу барысындағы жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды (құрылыс объектілерінің сапасын төмендетпей) ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешеді;

5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімнің бұзылуына және сапасының нашарлауына әкелетін себептерді зерттейді, алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;

6) аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді;

7) күрделі құрылыс жөніндегі мәселелерді шешу үшін Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен тиісті негіздемелері бар бастапқы деректерді алады.

8) құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

9) құрылыс ұйымдарының комиссия белгілеген мерзімдерде кемшіліктерді, ақауларды жою сапасын бақылайды;

10) аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізеді және жетекшілік ету объектілері бойынша күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындайды;

11) күрделі құрылыс объектілері бойынша орталық қоймаға түсетін жабдықты қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.

  1. 2. қосымша:

1) жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін туындаған жағдай, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуы, сондай-ақ тоқтап қалудың туындауы туралы хабарлайды;

2) «SAP» «Materials Management» модуль жүйесінде: «Материалдық ағындарды басқару»:

а) Инвестициялық қызмет бойынша өтінімдерді жасайды, өзгертеді, қарайды.

Талаптар:

Білім деңгейі-жоғары;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Құрылыс, Электрэнергетика;
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - Электрэнергетика, құрылыс саласындағы маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман