2-деңгей Аудитордың ішкі аудит қызметі

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
77

Қаралған саны:
894

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) аудиттің мақсаттары мен міндеттерінде көзделген мәселелер бойынша тексерулерге қатысу;

2) аудиторлық тапсырманы жоспарлау және орындау процесінде жұмыс бағдарламасын және жұмыс құжаттамасын жасау;

3) тексеру нәтижелері бойынша жеке және алдын ала есептерді уақтылы жасау және ұсыну;

4) орын алған бұзушылықтарды және ықтимал тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар мен шаралар әзірлеу және осы шаралардың орындалуын бақылау және мониторингтеу;

5) Қоғамның компаниялар тобының құрылымдық бөлімшелеріндегі қызмет түрлері бойынша жоспарланған және аяқталған операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның жалпы саясатына және ішкі бақылау талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу;

6) қызмет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауды жүзеге асыру;

7) қызмет басшылығы атынан тексеру комиссияларының, жұмыс топтарының жұмысына, бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға қатысу;

8) Қоғамның компаниялар тобында ішкі аудит функциясын жүзеге асыруға қатысу;

9) Қоғамның компаниялар тобының құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау және аудит жүйесін ұйымдастыру және қызмет құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша консультация беру;

10) заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты бөлімшенің қызметін реттейтін ішкі құжаттарға уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

11) өз құзыреті шегінде Қоғамның және еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне салық салу, жоспарлау және бюджеттеу, қаржылық есептілікті шоғырландыру, ішкі және сыртқы контрагенттермен есеп айырысу мәселелері бойынша кеңес беру.

Талаптар:

Экономика және қаржы және/немесе есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық сала және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіптік білім

Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе компанияның салалық ерекшеліктеріне сәйкес техникалық салада және/немесе заң саласында жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 (үш) жыл

Сондай-ақ аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп және қаржы менеджменті және/немесе ІТ-технологиялар саласындағы сертификаты және/немесе біліктілігі, мемлекеттік және шет тілдерін (тілдерін) білу және энергетика саласында жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

Аудитор қажетті білім мен дағдыларға ие болуы керек:

- Қазақстан Республикасының аудит, бухгалтерлік есеп, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қаржы және экономикалық құқық, әкімшілік құқық және салық құқығы саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;

- Ішкі аудит институты әзірлеген және бекіткен қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары;

- жылу-энергетика және/немесе тау-кен өндіру саласындағы техникалық білім;

- Қоғамның құрылымы және Қоғам мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметін реттейтін құжаттар;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын;

- Іскерлік қарым-қатынастың этика кодексі және этика стандарттары.


Қажетті қабілеттер

  • правил и норм безопасности и охраны труда, пожарной и экологической безопасности;
  • Кодекса этики и норм этики делового общения.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман