Негізгі құрылыс және қайта жаңарту бөлімінің сметалар және шарттар бюросы Санаты жоқ инженер-сметашы / 2-санатты инженер-сметашы / 1-санатты инженер-сметашы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
204

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Құрылыстағы бағаны белгілеу бойынша нормативтік материалдарды қадағалайу және жұмыс процесінде қолданау; 2. «ҮМЗ» АҚ өткізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттаманы қалыптастыру үшін инвестициялық жобалар, күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3. Әзірленетін сметалық құжаттаманың нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету; 4. Жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттардың жобаларын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу (өз құзыреті шегінде); 5. «ҮМЗ» АҚ өткізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттаманы қалыптастыру үшін жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын НҚжЖБ құзыреті шегінде жасау; 6. Қазақстан Республикасының заңнамасына және сатып алуды өткізуге қолданыстағы қағидаларға сәйкес өнім берушілерді таңдау нәтижелері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, НҚжЖБ құзыреті шегінде бөгде ұйымдармен шарттарды ресімдеу (дайындайды және келіседі); 7. Қолданыстағы контрагенттер бойынша жасалған шарттар бойынша деректерді қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенге енгізуді жүзеге асырады; 8. Қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенге жаңа контрагенттер бойынша деректерді енгізуді жүзеге асыру; 9. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері мен бөгде ұйымдар төлеуге ұсынатын орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеру және бақылау; 10. Жасалған шарттар бойынша мердігерлер орындаған жұмыстар құнының сәйкестігін бақылау; 11. Нысандар бойынша бекітілген сметалық лимиттердің бөлінуін бақылау және есепке алуды жүргізу; 12. Оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын бөгде ұйымдардың сметалық-шарттық құжаттамаларын жасау жөніндегі сметашыларын бақылау; 13. Актілерді объектіні салу процесінде туындайтын қосымша жұмыстарға қосымша сметалар жасау үшін жобалау ұйымына беру; 14. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес бөлігінде жобалау ұйымдарынан келіп түсетін сметалық құжаттаманы тексеру; 15. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша (өз құзыреті саласында) есеп жасау және жүргізу; 16. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асыру; 17. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындау; 18. Өзінің тікелей басшысының қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындау; 19. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтау; 20. Құпиялылық режимінің, өткізу және нысанішілік тәртіптің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау талаптарын сақта; 21. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау талаптарын сақтау.

Білім:

санаты жоқ инженер-сметашы-жоғары техникалық / экономикалық; 2-санатты инженер-сметашы /1-санатты инженер-сметашы – жоғары техникалық.

Дағдылар:

Санаты жоқ инженер-сметашы : ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын, басқа құралдарды пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданыстағы сметалық баға белгілеу бойынша арнайы бағдарламалармен жұмыс істей білу; 2-санатты инженер-сметашы: ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын, басқа құралдарды пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданыстағы сметалық баға белгілеу бойынша арнайы бағдарламалармен жұмыс істей білу. Сызбалар мен ерекшеліктерді оқу дағдысы, сметалық құжаттаманы сметалық құжаттаманы жасау, тексеру, іскерлік хат дағдысы. Инженер-сметашы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс; 1-санатты инженер-сметашы: ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын, басқа құралдарды пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданыстағы сметалық баға белгілеу бойынша арнайы бағдарламалармен жұмыс істей білу. Сызбалар мен ерекшеліктерді оқу дағдысы, сметалық құжаттаманы сметалық құжаттаманы жасау, тексеру, іскерлік хат дағдысы. 2-санатты инженер-сметашы лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Білуі тиіс: Сыртқы ресурстан қабылдау кезінде: талаптар қойылмайды. Ішкі ресурстан ауыстыру кезінде: • ҚР Еңбек кодексі; • Экономика, Менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; • менеджмент жүйесінің негіздері; • құжаттама және құжаттаманы басқару Ережелері; • «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; • өнеркәсіптік қауіпсіздік; еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; • құпиялық тәртібінің, өткізу және нысанішілік режимнің, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтау талаптары.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: Санаты жоқ инженер-сметашы 210212 теңгеден бастап ; 2-санатты инженер-сметашы 219264 теңгеден бастап; 1-санатты инженер-сметашы 237872 теңгеден бастап.

Білетін тілдер:

-