Тарифтік реттеу департаментінің менеджері

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
1209

   Конкурс туралы

Функционалдық міндеттері: 

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына магистральдық құбырлар арқылы мұнай айдаудың реттеліп көрсетілетін қызметі үшін инвестициялық бағдарлама жобасын қалыптастыру бойынша растаушы материалдарды оның ішінде бастапқы есепке алу құжаттарын жинауға қатысу; магистральдық құбырлар арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің инвестициялық бағдарламасының жобасын қалыптастыру; магистральдық құбырлар арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет үшін уәкілетті органда және тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органда инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінімді жіберу және қорғау; уәкілетті органда сарапшылармен жұмыс істеу; Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы есептер бойынша растайтын материалдар мен ақпаратты жинауға қатысу, тұтынушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында жарты жыл және бір жыл ішінде ұсынылған деректерді талдау, есептерді қалыптастыру, жылдық/жартыжылдық есептерді орналастыру жұмыстарына қатысу.


Талаптар:

Тиісті кадрларды даярлау бойынша жоғары білім (экономикалық), мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын, табиғи монополиялар қызметін мемлекеттік реттеуді, экономика негіздерін, бухгалтерлік есеп және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын айқындау тәртібін, тарифтерді белгілеу қағидаттарын, менеджмент жүйелерін білу


Шарттары:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман