«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қостанай бөлімшесі» филиалының қызметкермен жұмыс жөніндегі бөлімінің еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы

282234 - 295710
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
132

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек шарттарын, қызметкерлердің қосымша келісімдерін қабылдауды, ауыстыруды және бұзуды ресімдеу;
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "электрондық еңбек биржасы" порталында электрондық еңбек шарттарының бірыңғай жүйесінде (E-hr) еңбек шарттарын тіркеу;
  • Дербес деректерді енгізу үшін ОАО қызметкерлеріне өтінімдер дайындау және SAP (АСУРП)жүйесін пайдалана отырып, кадр құжаттарын өңдеу;
  • Қызметкерлердің өзгертілген дербес деректерін SAP (АСУРП)жүйесіне уақтылы және сапалы енгізу;
  • Еңбек кітапшаларын есепке алу, сақтау және толтыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Кадрлар бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу (тіркеу журналдары: еңбек кітапшаларының қозғалысын есепке алу, қабылдау-босату, жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу, еңбек шарттарын тіркеу журналы).

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: "Менеджмент"; "Экономика"; "Психология"; "Филология, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар)"; "Ттеміржол мамандықтары"; "Еңбекті ұйымдастыру және нормалау"; "Құқықтану"; "Мемлекеттік және жергілікті басқару"
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы