«KEGOC» АҚ « Батыс ЖЭТ» филиалы «Аймақтық диспетчерлік орталығы Режим жөніндегі тобының жедел бақылау, тәуліктік кестелерді түзету және жедел есептерді дайындау мәселелері жөніндегі инженері

310600 - 411400 KZT
"KEGOC" АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
507

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесіне берген өтінімдерінің көлемін алдын ала салыстырып тексеруді жүргізеді;
  • Бірыңғай сатып алушы есептеген Жаңартылатын электр энергиясы көздерінің үлесін ескере отырып, шартты тұтынушылардың өзектендірілген өтінімдерінің уақтылы берілуіне бақылау жүргізеді;
  • тәуліктік кестеге алдын ала техникалық сараптама жүргізеді, шекаралық шарттарды қалыптастырады (энергия тораптары бойынша min-қажетті және max- рұқсат етілетін  сатып алу/генерациялау көлемі);
  • электр энергиясы импортының көлемін айқындау мақсатында техникалық сараптама жүргізеді; тәуліктік кестені ЖО ҰДО басшылығымен келіседі;
  • Аймақтық диспетчерлік орталық басшылығымен тәуліктік кестесін келіседі;
  • "Қазақстан БЭЖ жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері" бағдарламасының есебін жүргізеді;
  • электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесін пайдаланушыларға сүйемелдеуді жүргізеді
  • электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесі бойынша бағдарламалар кешенін өзектендіру жөнінде ұсыныстар дайындайды
  • Аймақтық диспетчерлік орталықтың құзыретіне кіретін Филиал басшылығының өкімдерін орындайды.

Талаптары:

  • білім деңгейі: жоғары білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, орта кәсіптік) білім
  • диплом бойынша мамандығы (бағыты): Электр энергетикасы / автоматтандыру және басқару / Жылу энергетикасы (бағыты-техникалық ғылымдар және технологиялар); электрмен жабдықтау / электрмен жабдықтау және электрлендіру (салалар бойынша)
  • жұмыс тәжірибесі (бейіні): электр энергетикасы саласында
  •  лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: жоғары білім  кезінде кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды тиісті мамандық (біліктілік) бойынша арнаулы орта, орта кәсіптік білім беру кезінде I санатты техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар --
  • қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
  • MS office тәжірибелі пайдаланушысы;
  • қазақ, орыс, ағылшын (білгені жөн) тілдерін білу.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 28 наурызға  дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.