"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Көкшетау АЭТ 1150кВ "Кокшетауская" Жөндеу-пайдалану тобының шебері

391600 - 391600 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
690

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Электр энергетикасы

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Электр энергиясын тасымалдау және тарату саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

Кәсіби салада кемінде 3 жыл практикалық жұмыстың болуы шарт

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        Электр қауіпсіздігі бойынша V топтан төмен емес;

·        Техникалық және технологиялық дағдылар;

·        Ұжымды басқару;

·        Қауіпсіз жұмыс процесін жоспарлау және сауатты ұйымдастыру;

·        ҚС жабдықтарын жөндеу және ПЖЖ жүргізу дағдылары;

·        Қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау;

·        Жабдықтардың технологиялық және электрлік сұлбаларын оқу;

·        ҚС жабдығының пайдалану-техникалық құжаттамасын жүргізу дағдылары;

·        Қарым-қатынас дағдылары;

·        Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Лицензиялар, сертификаттар

·              Жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

·              Пайдаланушының көлемінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдыларына ие болу.

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) Өз учаскесінің персоналымен қосалқы станцияның маймен толтырылған жабдықтарын жоспарлы жөндеу-пайдалану жұмыстарын орындауды ұйымдастырады;

2) МТЖ учаскесі қызмет көрсететін жабдыққа ақаулы актілер жасайды;

3) Ақаулар мен бұзылуларды уақытында жою үшін МТЖ учаскесі қызмет көрсететін жабдықтың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді;

4) Жұмыс жүргізуге нарядтар, өкімдер береді, жабдықты жөндеуге шығару және жұмысқа енгізу бойынша ауысуларға қатысады;

5) Күштік май толтырылған жабдықты жөндеуден және монтаждан кейін жұмысқа кіріспес бұрын тексеруге қатысады;

6) трансформатор майын өңдеу және регенерациялау бойынша технологиялық жабдықты жарамды күйде және тұрақты дайындықта ұстайды;

7) Өндірістік қызмет барысында ««KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару» СТ KEGOC 00-602-11 стандартын басшылыққа ала отырып, өндірілген пайдаланылған майларды жинауды және сақтауды ұйымдастырады;

8) Қалдықтарды (май және құрамында сынап бар шамдарды) орналастырудың уақытша орнының жай-күйіне және олардың қоршаған орта объектілеріне әсеріне жүйелі бақылаулар жүргізеді;

9) бекітілген кесте бойынша, сондай-ақ ауа райы жағдайлары (екпінді жел, қалың қар, төмен температура және т. б.) бойынша жабдықтарды жеке-дара тексеруді, Қосалқы станция жабдықтарының ақаулары мен бұзылуларын жою жөніндегі жұмыстарды уақытында анықтауды және ұйымдастыруды орындайды;

10) МТЖ учаскесі қызмет көрсететін жабдықты пайдалану бойынша технологиялық сұлбаларды, нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады;

11) МТЖ учаскесі қызмет көрсететін жабдықтың төлқұжатын жүргізеді;

12) бригадалық қорғаныс құралдарының, құралдардың, құрылғылардың болуын, сақталуын және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді;

13) Қосалқы станция жөндеу персоналының жұмыстарды орындауда қадағалауды жүзеге асырады;

14) жұмыс басталар алдында аспаптың, жабдықтың, механизмдердің, құрылғылардың, басқа құрылғылардың қорғау құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді;

15) жұмыстарды орындауды бастамас бұрын нысаналы нұсқамалар жүргізеді;

16) жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;

17) Қосалқы станция жабдықтарын жөндеу және ПЖЖ кезінде жұмыстардың қауіпсіз өндірісін ұйымдастырады;

18) Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді, жеке қорғану құралдарын қолданады;

19) Қосалқы станцияның жоғары тұрған басшылығын хабардар ете отырып, еңбек, өндірістік тәртіпті, ТПЕ, ТҚЕ, ӨҚЕ бұзған адамдарды жұмыстан шеттетеді;

20) жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың себептерін анықтайды, оларды персоналмен талдайды және одан әрі жол бермеу жөніндегі шараларды айқындайды;

21) бағынысты қызметкерлердің еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіпті орындауын қамтамасыз етеді және өзі де жеке орындайды;

22) белгіленген мерзімде актілерде, бұйрықтар мен өкімдерде көзделген еңбекті қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және жасау жөніндегі нұсқамалар мен іс-шараларды орындайды;

23) Қызмет көрсетілетін жабдық бойынша Қосалқы станция персоналымен техникалық оқуды жүргізеді;

24) жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық және шұғыл-реанимациялық көмекті шұғыл ұйымдастырады, Қосалқы станция бастығына дереу хабарлайды;

25) жаңадан қабылданған жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз әдістеріне, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, құралдар мен құрылғыларды пайдалану тәртібіне оқытуды жүзеге асырады.