Желі құрылысының бас инженері

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
200

   Конкурс туралы

Негізгі міндеттері:

  • Қарамағындағы объектілерді нормативті/жоспарлы мерзімде іздеуді, салуды және модернизациялауды қамтамасыз ету;
  • Мердігерлік мекемелер ұсынатын қажетті жұмыстардың көлемі мен құнын анықтаудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Желі құрылысы процесіндегі кедергі факторларды уақытылы анықтау, оларды жоюдың әдістерін жасау және жүзеге асыру;
  • Желі құрылысына қатысы бар Компанияның барлық бөлімдері, қызметкерлері мен бөгде мекемелер, жалға берушілер арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру;
  • Мердігерлер орындаған жұмыстарды қабылдауды ұйымдастыру, олардың жобалық және тапсыру-қабылдау құжаттамаларына сәйкестігін бақылау;
  • Орындалған жұмыстар бойынша жобалық және атқарушылық құжаттаманың толықтығы мен сапасын тексеру, оларды компанияның ақпараттық ресурстарына жүктеу, және түпнұсқаларын пайдалану бөліміне тапсыру;
  • Даулы жағдайлар болған кезде, мердігерлер тарапынан және компанияның жалға берушілері/бөлімдері тарапынан алдын ала талдау жүргізу, қажетті шешімдер туралы қорытынды дайындау;
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша қажетті жұмыстар көлемін анықтау, мердігерлік мекемелермен уақытылы келісімге отыру;
  • Сайттарды іздеу, құрастыру және модернизациялау жоспар-кестесін жасау, оны өз құзыреті шегінде орындауды қамтамасыз ету;
  • Жер бөлу процесін ұзақ уақытқа жалға алу келісім-шартына отырғанға дейін немесе жер телімін сатып алуға дейін ұйымдастыру;
  • Мердігерлік мекемелердің компания талаптарын, процедураларды, жұмыс кестесін негізсіз бұзуы кезінде олардың атына айыппұлдық шараларға бастама болу;
  • Компания жабдықтарын орнату туралы үй иелеріне түсіндіру жұмыстарына қатысу, сайттарды құрастырудың аяқталуы және модернизациялау кезеңдеріне дейін жалға берушілермен туындаған даулы жағдайларды реттеу;
  • Құжаттаманың және жобалық шешімдердің компания талаптарына толық сәйкес келмегенде, қауіп-қатерлерді бағалап, басшылыққа сайттарды құрастыруды бастаудың және модернизациялаудың негізділігі туралы қорытындыны ұсынады;
  • Сайттарды құрастыруды және модернизациялауды келісу сұрақтары бойынша жергілікті билік органдарымен, жалға берушілермен, энергиямен жабдықтаушы компаниялармен жеке кездесулер өткізу;
  • Объектілерді іздеу, салу немесе модернизациялау белгіленген мерзімдерде орындалмаса, тапсырысты бұзып, оларды басқа мердігерлік мекемелерге тапсыру.

Қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Құрылыс және энергиямен жабдықтау қағидаларын білу, ҚНмЕ (құрылыс нормалары мен ережелері), ТПЕ (техникалық пайдалану ережелері) және ҚТЕ (қауіпсіздік техникасы ережелері) білу;
  • Ұялы радиотелефондық байланыс желісін жобалау технологияларының, құрылыс және энергиямен жабдықтаудың стандарттарын білу;
  • Телекоммуникациялық жабдықтың, радиорелелік жүйелердің жұмыс жағдайлары туралы білімінің болуы;
  • Топография, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша білімінің болуы;
  • Microsoft Outlook, Word, Excel, Project, Lotus Notes, Microsoft Visio, AutoCAD, 1С бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдысы.

Жасалатын жағдайлар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, 8.00 - 17.00, не 9.00 - 18.00, не 10.00 - 19.00 жұмыс кестесін таңдау мүмкіндігімен;
  • медициналық сақтандыру;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын жылсайынғы еңбек демалысы;
  • ұялы байланысын төлеп беру.