"ҚТЖ - Жүк тасымалы" - "Алматы бөлімшесі ЖТ" филиала Достық станциясының старнциялық орталықтандырылған пост кезекшісі

270228 - 279741
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
161

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

 

Поездарды қабылдау және жөнелту жұмысытарының, маневр жұмыстарының,  қолда бар нұсқаулар мен өкімдермен, станция парктеріндегі жылжымалы құраммен, жақын перегондар Достык-Алашанькоу, Ақтоғай-Достық жағдайларымен танысады.

Поездарды құрастырушыларды, белгі беруші, операторлар СТЦ,  поезд қабылдаушылардың жұмыс орнында отырғандарын, жұмыс орындарын тексереді. Станция парктарында ТРА-ға сәйкес жылжымалы құрамның орналасуын қадағалайды. 

Барлық пассажирлік және жүк поездарына ескертулердің берілуін қадағалайды, олардың дұрыс толтырылуына жауапты. Станцияның технологиялық процессіне сай бөлімше кезекшісімен локомотив диспетчерімен және локомотивтік депо кезекшісімен кеңесе отырып станцияның жүк жөнелтіп, қабылдау жұмыстарын жоспарлайды. Алашанькоу станциясынан және 19 разъездан поезд қабылдап жөнелті тапсырмаларын ұйымдастырады, орындайды. Сонымен қатар операторлар, поезд қабылдаушылар, вагонды техникалық қарау қызметкерлері, күзет қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырып, тапсырма беріп отырады. Станция пактріндегі жылжымалы құрамдардан тантіректердің уақытымен алынып, қойылуын бақылайды, тантіректердің поезд қозғалысы кестесіне тантірек номерларының көресетілуін қадағалайды. Маневр жұмыстары кезінде жел күші үдегенде ТРА талаптарына сәйкес қосымша табантіректерді орналастыруға бұйрық береді. Техникалық құрылғыларыды тексеру және жөндеу үшін жөндеу уақытын яғни «окно» ұйымдастырады, поезд қабылдап, тапсыру ауқыманың көбейген кезінде станция басшылығымен жөндеу жұмыстарын ұзарту уақытын талқылайды. Поездық құжаттарға-диспетчер өкімдерін тіркеу кітабы, жолдарды, бұрмаларды, СЦБ құрылғыларын, байланысты, поездық телефонограммалар тіркеу кітабы, ДСП приказдары кңітабы, ескертулер кітабы, «адам жолда» журналын, кіре беріс светофорланында поездарды тоқтату кітабы, вагондарды техникалық тексеруге ұсыну кітаптарына мағлұматтар енгізеді, олардың дұрыстығына жауап береді. Станциядан жөнелтілетін поездарға локоматив бригадаларының уақытылы шығыуын қадағалайды. 

 

Біліктілік талаптары:

Білімі 

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және профессионалдық)

Мамандығы: 

Жүк тасымалын ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол транспорты);

Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару, Жүк тасымалын ұйымдастыру және теміржол транспортындағы қозғалысты ұйымдастыру

Жұмыс тәжірибесі:

2 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Оның ішінде парк кезекшісі, станция кезекшісі жанындағы оператор, сұрыптау дөңесінің кезекшісі. 

5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Оның ішінде парк кезекшісі, станция кезекшісі жанындағы оператор, сұрыптау дөңесінің кезекшісі. 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру