Инвестициялар және бизнесті дамыту департаментінің инвесторлармен жұмыс жөніндегі секторының басшысы

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
741

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Әлеуетті инвесторларға Қазақстан және Қор компаниялары тобы, инвестициялық жобалар мен активтер туралы ақпаратты дайындау және ұсыну жөніндегі сектордың жұмысын қамтамасыз етеді;
  • Қордың инвестициялық және халықаралық қызметіне қатысты ҚР мемлекеттік органдарының кіріс сұраулары мен тапсырмаларын өңдеуді ұйымдастырады;
  • Қордың инвестициялық және халықаралық ынтымақтастығы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, инвесторлармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  • ҚР мемлекеттік органдарымен, бизнес-қоғамдастықпен, шетелдік инвесторлармен, жұртшылық өкілдерімен, ҰКП, салалық қауымдастықтармен шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері бойынша тұрақты коммуникацияларды үйлестіреді;
  • Қор тобының желісі бойынша проблемалық мәселелерді қарау және шешу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Консультациялық көмек көрсету.  ШОБ қолдау шаралары туралы ақпарат беру. Қор желісі бойынша ШОБ-ты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу.  Отандық тауар өндірушілердің үлесін ұлғайтуға жәрдемдесу;
  • Қор тең төрағасы болып табылатын іскерлік кеңестердің отырыстарын алдын ала пысықтауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді: сапалы мазмұнды толтыруды, бағдарламаларды, мақсатты аудиторияны және Қор мен ӨК өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету. Қор басшылығына материалдардың толық пакетін уақтылы енгізуді қамтамасыз ету;
  • Қордың инвестициялық және халықаралық ынтымақтастығы мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен, инвесторлармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді;
  • ҚР-да және шетелде халықаралық іс-шаралар шеңберінде Қор басшылығының екіжақты кездесулерін дайындауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Қордың және оның портфельдік компанияларының ҒЗТКЖ және инновациялар саласындағы даму көзқарасы туралы ұстанымды қалыптастырады;
  • Қордың ҒЗТКЖ және инновацияларын әзірлеуді, келісуді, бекітуді, іске асырылуын талдау мен бақылауды және өзектендіруді ұйымдастырады;
  • Қор мен портфельдік компаниялардың білімін, құзыреттілігін және зияткерлік капиталын жүйелейді;
  • ҒЗТКЖ және инновациялық жобалар портфелін және Қордың немесе ПК Қордың ішінара немесе толық қатысуымен ғылыми және/немесе инновациялық құндылығы бар инвестициялық жобалар тізімін қалыптастырады;
  • Қордың ҒЗТКЖ және инновациялар саласындағы ұстанымдары мен мүдделерін таныстырады және ілгерілетеді;
  • Қордың ғылыми-техникалық кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
  • Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қызметін қолдауды қамтамасыз етеді;
  • Қор компаниялары тобы бойынша инвестициялық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың тоқсан сайынғы талдауын дайындауды қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Қаржы немесе экономика саласындағы жоғары. MSc/MA/MBA дәрежесінің болуы қажет;
  • Инвесторлармен байланыс және жобаларды басқару саласында халықаралық сертификаттардың, сондай-ақ MBA дәрежесінің болуы жөн;
  • Инвесторлармен байланыс/халықаралық ынтымақтастық/бизнесті/қаржыны дамыту саласында кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Басшылық қызметте кемінде 3 жыл.