Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін сүйемелдеу департаментінің бас менеджері (аутстаффинг секторы)

"Самрук-Қазына Контракт" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
1399

   Конкурс туралы

Білімі:

  • мамандығы бойынша жоғары білім: заңгерлік және/немесе экономикалық және/немесе техникалық білім.

 Білуі тиіс:

  • ҚР бекітілген стандарттары мен нормативтік-құқықтық актілерін қолдануды.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу саласындағы сатып алу тәртібінің ережелерін және басқа да корпоративтік құжаттарды білуі;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы» ҚР заңдары;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы.

 Тәжірибесі

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу қызметінің корпоративтік құжаттары бойынша сатып алу және/немесе сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу саласында бейіндік білімі бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің немесе кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

 Дағдылары

  • БҚ-ны әзірлеу бойынша әдістемені түсінуі (backend + frontend web + mobile);
  • БҚ әзірлеудің өміршеңдік циклін білуі;
  • Процестерді (BPMN, UML)модельдеу нотациясын білуі
  • Жобалық құжаттаманы әзірлеуді білуі (жобаның тұжырымдамалық сипаттамасы, ТТ, БҚТЕ, әзірлеушілерге арналған нұсқамалар/ СБмӘ, РП/РА пайдаланушының нұсқаулықтары);
  • Іскерлік талаптарға негізделген функционалдық талаптарды жинау, талдау және ресімдеу қабілеті

 Міндеттері

  • Техникалық және жобалық құжаттаманы дайындау және келісу;
  • АЖ-ны және басқа АЖ-мен интеграцияны сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру;
  • АЖ сүйемелдеу және дамыту шеңберінде құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Техникалық шешімдерді іздеуде және тапсырмалар бойынша кеңес беруде әзірлеу және тестілеу топтарымен өзара әрекеттесу;
  • БҚ-ға қойылатын функционалдық талаптарды анықтау;
  • Пайдаланушы сценарийлерін сипаттау;
  • API жобалау;
  • Талаптарды басқару және тексеру;
  • Тапсырмаларды рәсімдеу;
  • SQL сұрауларын құрастыру;
  • Техникалық құжаттамаға сәйкес тапсырмаларды тестілеу және қабылдау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр