Тобыл жол дистанциясының жол диспетчері

282234 - 295710
Тобольская дистанция пути Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
74

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. күрделі метеорологиялық жағдайлардың басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін поездардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол бойындағы қар және сумен күресу жедел жоспарларына сәйкес әрекет етеді;
2. ақаудық құралдарды анықтайтын жұмыс турал мәліметтерді жинау, қызметтік жедел хаттарды қабылдау және жіберу;
3. ақауларды анықтайтын вагондар мен зертханалық вагондарды өлшеуге өтінімдер түскен кезде олардың учаске бойынша өту жоспарлары туралы дереу жол дистанция басшыларына, жол шеберрлеріне, телім басшыларына баяндау және осы вагондардын бағытын бақылау;
4. кезекті тапсыратын жол диспетчері жол машиналарының учаскелерінде өлшеу және ақауларды анықтау вагондары мен ақауларды анықтайтын арбалар орналасқан жол құрылғыларының жай-күйі туралы, сондай-ақ жол машиналарымен байланыстын болуы туралы өзі хабарлауға міндетті

Біліктілік талаптары:

Білімі:

жоғары;

орта (техникалық және кәсіптік),

Саласындағы мамандық:

Көлік құрылысы; Құрылыс; Темір жол құрылысы. Жол және жол шаруашылығы;  Көлік, көлік техникасы және технологиясы (көтеру-көлік, жол машиналар мен жабдықтары); 

Еңбек өтілі:

теміржол саласында жоғары білімімен 1 жылдан кем емес
теміржол саласында арнайы орта білімімен 2 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж