"KEGOC"АҚ" "Ақтобе ЖЭТ" филиалының РҚжЭА 1 санатты инженері

391600 - 391600 KZT
"KEGOC" АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
254

   Конкурс туралы

 

1) АДО диспетчері мен ЖЭТ қосалқы станцияларының кезекші персоналы үшін II және III топтардың АҚА құрылғыларына, сондай-ақ ЖЭТ қосалқы станцияларының кезекші персоналының оперативті басқаруындағы IV топтағы АҚА құрылғыларына қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар мен оперативті нұсқаулар жасайды ("КЕGOC" АҚ ҰДО диспетчерінің қарамағындағы, "КЕGOC" АҚ ҰДО РҚА қызметінің ІІ және III топ АҚА құрылғылары үшін нұсқаулықтары мен нұсқауларын ескере отырып);

2) техникалық қызмет көрсету процесінде талап етілетін АҚА құрылғыларын қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын, жұмыс істеп тұрған АҚА құрылғыларын реконструкция және модернизация жасау жұмыстарын, ЖЭТ объектілерінде АҚА-ның тозған және моральдық тұрғыдан ескірген құрылғыларын ауыстыруды орындайды. Қажетті жағдайларда құрылғылардың жаңа түрлерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

3) ЖЭТ объектілерінде II-IV топтағы АҚА құрылғыларына техникалық қызмет көрсету жоспар-кестелерін жасайды;

4) қолданыстағы ережелерді, бағдарламаларды, нұсқаулықтарды, директивалық материалдарды және ақпараттық хаттамалардлы басшылыққа ала отырып, техникалық қызмет көрсетеді;

5) РҚжЭҚ және оперативті персоналда орналасқан техникалық құжаттаманың, АҚА схемаларының болуына, жағдайына және дұрыс пайдаланылуына жауап береді;

6) филиалдың қосалқы станциялары барлық типтегі АҚА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етуіне жауап береді;

7) АҚА құрылғыларының барлық жұмыс жасау жағдайларын тергеп-тексеруге және талдауға қатысады;

8) АҚА жабдықтарында жұмыс жүргізу бағдарламаларын жасайды, автоматика құрылғыларына қатысты қосалқы станцияда жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауды жүргізеді;

9) ЖЖ арналарының қалпын және жұмыс деңгейін бақылайды, жүйенің апатқа қарсы автоматикасына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, олардың құрамдас бөліктеріне техникалық қызмет көрсетеді;

10) қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалардың, апатқа қарсы циркулярлардың және ақпараттық хабарламалардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

11) АҚА құрылғыларының пайдалану нұсқаулары мен схемаларын уақытылы қайта қарайды;

12) техникалық ақпаратты зерттейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістері жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

13) жобалау ұйымдары орындайтын жобаларды АҚА жағынан қарайды және оларға ескертулер береді;

14) АҚА схемаларындағы операцияларымен байланысты, оперативті бағдарламаларды, АҚА құрылғыларындағы күрделі жұмыстарға өтінімдерді немесе жабдықтағы жұмыстарды дайындауға және қарауға қатысады;

15) қосалқы станциялардағы АҚА құрылғыларының қалпын, АҚА коммутациялық құрылғыларының дұрыс орналасуын және олардың схемаларына және электр жабдықтарының жұмыс режимдеріне сәйкестігін тексереді;

16) қызмет көрсетілетін қосалқы станциялардың АҚА құрылғыларын жобалау үшін сұралатын бастапқы деректерді жинау және талдау процесіне қатысады;

17) техникалық сипаттағы директивалық нұсқауларды орындайды;

18) АҚА құрылғыларына қызмет көрсету бойынша АЖЭТ-тың басқа өндірістік қызметтері мен қосалқы станцияларының персоналына консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді;

19) АҚА құрылғыларының жұмысына қатысты туындаған мәселелерді шешу кезінде «Энергоинформ» АҚ мамандарымен, «KEGOC» АҚ басқа филиалдарының және баспалардың мамандарымен жұмыс жасайды;

20) Өз бетінше жұмыс істеу арқылы техникалық білім деңгейін, өндірістік дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады, ғылыми-техникалық ақпаратпен танысады.

 

 

Талаптар:

  • Жоғары оқу орынан кейнгі, электроэнергетика немесе техниқалық саласында;
  • Лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі: инженер ретінде кемінде 5 жыл
  • Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен емес
  • MS office, Outlook, Lotus Notes, SAP тәжірибелі қолданушысы;
  • қазақ, орыс тілдерін білу. 

Түйіндемені тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 17-19 сәуір аралығында.