«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының АДО Режим жөніндегі тобының 1-санатты инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
960

   Конкурс туралы
Бос жұмыс орны
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының
 АДО Режим жөніндегі тобының 1-санатты инженері»

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
  1. Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) бекіткен жүктемелердің диспетчерлік кестелерін, электр энергиясын және қуатты тұтыну режимдерін Алматы энергия нарығы субъектілерінің орындауына талдау жүргізеді;
  2. SCADA, OIC жүйесіндегі жоспарлы және нақты мәндердің формулаларын бақылайды және түзетеді;
  3. OIC және SCADA ТӨ деректерімен салыстыра отырып, филиалдың электр энергиясының шығындары бойынша жедел деректерді талдайды;
  4. Ай сайын есептік кезеңнің қорытындылары бойынша электр энергиясын «Алматы ЖЭТ» филиалының желісінде ҰЭТ (есептік) бойынша беру кезінде оның технологиялық шығынын есептейді және талдайды және АД-ға ұсынады;
  5. Алматы өңірінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу бойынша бағдарламадағы деректерді талдайды, бақылайды, түзетеді;
  6. ЭКСН субъектілерінің жұмысы туралы тәуліктік баянаттың дұрыстығын бақылайды;
  7. Ай сайын ЖО ҰДО-ға электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері (өндіру, шиналардан босату, өзіндік қажеттіліктер, шиналардан электр энергиясын босатуға жұмсалатын үлестік шығыстар) бойынша нақты ақпаратты ұсынады;
  8. «Алматы ЖЭТ» филиалының электр желілерінің теңгерімдік тиесілілігі шекараларында электр энергиясын беруді / қабылдауды тәуліктік (жедел) және есептік кезеңде есепке алуды жүзеге асырады;
  9. «Алматы ЖЭТ» филиалының есепті тәуліктегі нақты шығындарын ЖО ҰДО-ға тәуліктік (жедел) есептеуді және беруді жүзеге асырады;
  10. «Алматы ЖЭТ» филиалының Алматы және Жетісу энергия торабы бойынша алдағы күнге тәулік сайынғы шығындарды жоспарлауды жүзеге асырады және ЖО ҰДО-ға береді;
  11. Шектес ЖЭТ пен Қырғызстанның ҰЭТ арасындағы нақты ағындар сальдосы туралы деректердің дұрыстығын тексереді және бақылайды;
  12. Түсіндірме жазбаны ресімдей отырып, жылдық есепті жасауға қатысады;
  13. АДО құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтінімдерді, өтініштер мен хаттарды қарауға қатысады, түсініктемелер мен ресми жауаптар дайындайды;
  14. ЭКСН субъектілеріне сұрауы бойынша және коммерциялық құпиясы жоқ қажетті жедел және технологиялық ақпаратты беру;

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетика саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

II санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл/ лауазым бағыты бойынша кемінде 5 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу

·        Желілерді техникалық пайдалану аясында салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу (Даярлаудың үлгілік бағдарламасының талаптарына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде, өз қызметін жүзеге асыру кезінде АДО қолданатын құжаттардың бекітілген тізбесіне сәйкес құжаттар, орындалатын жұмысқа қатысы бар нормативтік-техникалық құжаттар), энергия жүйелерінің электр бөлігіндегі авариялардың алдын алу және жою жөніндегі үлгілік нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (даярлаудың үлгілік бағдарламасының талаптарына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде)

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

·        MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·        Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:30-дан 17:30-ға дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 

 

Бос қызмет орны тұрақты болып табылады.

 

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 24 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)