«Кедентранссервис» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалының есепшісі

281377 - 347487
Филиал АО «Кедентранссервис» по г. Астана и Акмолинской области Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
118

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қаржы-шаруашылық операцияларын Филиалдың бухгалтерлік жазбаларында сапалы және уақытылы көрсетеді;
  • 1С: Кәсіпорын бағдарламасында автоматтандырылған бухгалтерлік есепті жүргізеді;
  • 1С Кәсіпорын бағдарламасының «жанар-жағармай» модулінде жанар-жағармайдың күнделікті есебін жүргізеді (жанар-жағармайдың атауы мен санын, әрбір жабдық бірлігі үшін маркасы мен жүрістерін көрсете отырып, жанар-жағармай материалдары туралы есеп жасайды);
  • негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебін жүргізеді: амортизацияны есептейді, негізгі құралдардың инвентарлық карточкаларын жүргізеді, негізгі құралдарды жөндеудің есебін, аяқталмаған құрылыстың, негізгі қорларды жаңғырту және күрделі жөндеудің есебін жүргізеді;
  • жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен есеп айырысулардың есебін жүргізеді, дебиторлық берешекті бақылайды;
  • еңбекақыны есепке алуды жүргізеді, аванстық есептерді тіркейді, есепті сомаларды бақылайды;
  • статистикалық есептерді дайындайды, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық қорларға түгендеу жүргізеді;
  • салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша шығыстар бюджетін қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Жоғарғы білім
  • Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)