комплаенс-бақылау қызметінің менеджері (негізгі жұмыскердің болмау кезеңіндегі уақытша жұмыс орны)

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
688

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларын ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету іс-шараларын  жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асыру;

- Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу,  жүргізілген талдау қорытындылары бойынша талдау есебін  және  оларды мейлінше азайту/алдын алу/жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын даярлау, сондай-ақ  Қоғамда  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді мейлінше азайту/алдын алу/жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингілеу;  

- Қоғам контрагенттерінің сенімділігіне тексеруді жүзеге асыру;

- Қоғаммен, оның лауазымдық тұлғаларымен және өзге де жұмыскерлерімен  Заңнаманың,  Реттеу актілерінің, Қоғамның ішкі құжаттарының Қоғам туралы ақпаратты жария  ету бөлігінде талаптарының, өкімдердің сақталуына  және инсайдерлік ақпаратты  пайдалануына   бақылауды жүзеге асыру;

- комплаенс-бақылау қызметінің функцияларына жататын өзге де міндеттер.

Талаптар:

  • Экономика және/немесе юриспруденция және/немесе қаржы саласындағы жоғары білім;   
  • Комплаенс бағдарламасының көпшілік элементтерін іске асыруды ұйғаратын,  кемінде  5(бес)            жыл жалпы жұмыс тәжірибесі;

Шарттары:

  • Астана қ.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)