Сектор бастығы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
271

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындау және отырыс өткізілгенге дейін қатысушыларға жіберу; • ТЖҚ-ң әрбір жеке сатып алуды өткізу тәртібін, мерзімдерін және шарттарын талқылау мақсатында тендерлік комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз ету; • Тендерлік комиссия мүшелерінің ашық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасына, ашу хаттамаларына және баға ұсыныстарын сұрату қорытындыларына, әлеуетті жеткізушілердің ашық тендерге қатысуға рұқсат беру хаттамасына, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюын ресімдеу және ұйымдастыру, тендерлік комиссия отырыстарының басқа хаттамаларына қол қоюды ұйымдастыру және қажетті таратуды жүргізу; • Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша ашық тендердің құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз ету; • Ашу күнінен бастап 1 жұмыс күні ішінде тиісті бөлімшелерге техникалық, заңдық және өзге де талдаулар жүргізу үшін өтінімді жіберу; • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық алаңдарында тиісті хаттамаларды дайындау; • Ашық тендерге қатысушылардың тендерлік өтінімдеріне талдау жүргізу; • Әлеуетті жеткізушілерді ТЖҚ-ны өткізілетін сатып алу туралы хабардар етуді қоса алғанда, сатып алынатын ТЖҚ нарығына талдау жүргізу; • Сатып алуды жүзеге асыру үшін баға мониторингін жүргізу; • Сатып алуға қатысы бар белгіленген ішкі және сыртқы есептілікті жүргізу; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Компанияның басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау; • Компания басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау; • Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау; • Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;

Білім:

Жоғары кәсіби (экономикалық, техникалық, заңгерлік)

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "Самұрық-Қазына" АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібі;

Қосымша:

• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;

Білетін тілдер:

Ағылшын тілі (мүмкіндігінше), орыс тілі (еркін), мемлекеттік тіл - бастапқы деңгей;