Қойма шаруашылығы тепловоз машинисінің көмекшісі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін тепловоз жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі; тепловоздың техникалық сипаттамасы; тепловозды күтіп ұстау және баптау тәртібі; тежегіштердің құрылысы және оларды басқару технологиясы; теміржол профилі; жол белгілері; қызмет көрсетілетін учаскеде белгіленген қозғалыстың барынша рұқсат етілген жылдамдығы; тепловоздарды пайдалануда техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық; механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері; жылжымалы құрамды тіркеу және ажырату ережесі; тежегіш табандықтарды пайдалану ережесі; темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі; темір жолдардағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық; темір жолдардағы сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық және орындалатын жұмыстар шеңберіне жататын басқа да нормативтік актілер; Қызмет көрсетілетін темір жол станцияларының, учаскелердің техникалық-өкімдік актілері; поездар қозғалысының кестесі; Электротехника негіздері. Тепловоз машинисі көмекшісінің кәсіби дайындығы және куәлігі талап етіледі.Білім:
Орта (кәсіптік және техникалық)Дағдылар:
Істей алуы тиіс: тепловоз машинисінің көмекшісі үшін нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді жүргізу; тепловозды қабылдауға және тапсыруға қатысу; жабдықтауды, тораптар мен бөлшектерді майлауды, Тепловозды жұмысқа дайындауды орындау; тепловозды бірінші вагонмен тіркеуді орындау: тежегіш магистралінің құрастырмалы жеңдерін қосу, тежегіш магистралінің шеткі крандарын ашу; тепловозды құрамнан ағыту: тежегіш магистралін алдын ала ажыратумен автотіркегіштерді ағыту; тепловоз машинисінің тепловозды күту және жүру жолындағы тораптар мен агрегаттардың жай-күйін бақылау жөніндегі тапсырмаларын орындау; тиісті нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес өздігінен қозғалуды болдырмау үшін тепловозды немесе поезды бекітуді жүргізу; теміржолдың бостығын, түйіспе желісінің, қарсы поездардың жай-күйін, поездық және маневрлік маршрутты дайындаудың дұрыстығын, бағдаршам сигналдарының, сигнал белгілерінің, поезд қозғалысы процесіндегі көрсеткіштердің, теміржол көлігі қызметкерлері беретін сигналдардың көрсеткіштерін бақылауды жүргізу, оларды тепловоз машинисімен қайталау және оларды орындау; белгіленген сигналдарды беруді, поездар қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың нормативтік құжаттарға сәйкес жедел өкімдерін орындау; локомотив бригадасының жұмыс регламентінде белгіленген көлемде жүру жолында туындаған тепловоздағы ақауларды жоюға қатысу.Қосымша:
зақымдану қаупі бар факторлардың әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары: қозғалыстағы жылжымалы құрам, шу, діріл және химиялық заттардың: көміртек оксидтерінің, азоттың, альдегидтердің және мұнай өнімдерінің әсеріБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Энергетикалық орталық, байланыс құралдарын жөндеу және пайдалану жөніндегі учаскесі, 5-7 разрядты электр байланысы және сымды хабар тарату желілік құрылыстарының электромонтері (заявка №50-06-12э/1100 от 22.04.2024), 1 ед.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
02.05.2024 | 40
Уран өндірісінің "Р" цехынын 4-разрядты аппаратшысы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
02.05.2024 | 31
Қойма шаруашылығы 5-разрядты поездарды құрастырушы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
02.05.2024 | 159