Ақпараттық-технологиялар орталығының іс жүргізуді басқару бөлімі, Ақпаратты өңдеу жөніндегі маман. Заявка №62-03-06/674 от 04.04.2024 (1ед.)

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
121

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

«ҮМЗ» АҚ орталық аппараты қызметі/бөлімшесі басшысының (бұдан әрі мәтін бойынша - басшы) әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Басшының жұмыс орнын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасайды. Басшының қарауына келіп түскен хат-хабарды қабылдайды, оны қабылданған шешімге сәйкес жұмыс немесе орындау процесінде қолдану үшін құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға береді. Бөлімшелерден және (немесе) орындаушылардан басшыға қажетті мәліметтерді сұратады. Басшының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады. Телефонхаттарды қабылдайды және береді, кіріс телефонхаттар мен хабарламалардың мазмұнын басшының назарына жеткізеді. Басшының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды. Басшы өткізетін мәжілістер мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету), хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді. Құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерін құжаттармен уақытылы таныстыруды қамтамасыз етеді. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерінің бұйрықтар мен өкімдерді орындауын, сондай-ақ бақылауға алынған басшының тапсырмалары мен нұсқауларын орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Басшыға қол қоюға құжаттарды және бөлімше қызметкерлерінен жеке өтініштерді қабылдайды.

Білім:

техникалық және кәсіптік жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

ҮМЗ» АҚ-дағы менеджмент жүйесінің негіздері; құжаттама мен құжаттаманы басқару қағидалары; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары және өндіріс мәдениеті; құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 152 378 теңгеден бастап Жұмыс және демалыс режимі - 5 күндік жұмыс аптасында 08.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Білетін тілдер:

-