Жұртшылықпен байланыс жасау маманы

423000 - 423000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
319

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
-кәсіпорынның сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін кәсіпорынның қызметі туралы баспасөз-хабарламалар мен өзге де ақпараттық материалдарды дайындау;
-жұртшылықпен байланыс бөлімінің әлеуетті мердігерлерінің қызметтеріне техникалық сипаттамалар дайындау;
-бастапқы төлем құжаттарын ресімдеу (қызметтер көрсетуге арналған актілер, қаражатты жұмсауға арналған өтінімдер, 1С-дағы қызметтерге өтінімдер, контрагенттерге төлем жасауға арналған тапсырмалар);
- корпоративтік сайтта, инстаграм аккаунтында және You Tube арнасында ақпараттық хабарламаларды, баспасөз-хабарламаларын, ақпараттық посттарды, фотоиллюстрацияларды, сондай-ақ бейнероликтерді орналастыру;
-электрондық корпоративтік пошта арқылы ақпараттық хабарламалар мен дайджесттерді жіберу;
-БАҚ және мүдделі тұлғалардың сұранысы бойынша кәсіпорынның қызметі туралы фото-және бейнематериалдар ұсыну.

Біліктілік талаптары:
- «Журналистика», «Филология», «Қоғаммен байланыс», «Шетел тілі» (ағылшын немесе неміс тілі), «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мемлекеттік емес тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Аударма ісі (ағылшын/орыс тілі)», «Аудармашы (ағылшын/қазақ тілі)», «Тарих», «Международное право», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болуы тиіс;
- жұмыс өтілі талап етілмейді
.

Білімі және дағдылары:
- мемлекеттік және орыс тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын білу қажет;
- қолданыстағы редакциялау нормативтерін білу керек;
- әдеби жұмыс және мәтін құру дағдылары болуы тиіс;
- фото ісі, дизайн, қоғаммен байланыс және БАҚ курстарын аяқтау туралы сертификаттардың болғаны жөн;
- InDesign және/немесе Photoshop, CorelDraw, Adobe Master Collection графикалық бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр