Геология және барлау департаменті барлау жобалары басқармасы құрлық жобалары секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
429

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары кәсіби білімі (техникалық, экономикалық, заңгерлік). Лауазым бейініне сәйкес келетін менеджмент/ экономика/қаржы/МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (қалаулы)

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Жер қойнауын пайдалану жобаларын басқару саласында кемінде 4 жыл, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобындағы тәжірибесі кемінде 3 жыл

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамасы (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы); "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" ҚР Заңы саласында;
  • Жобалық менеджмент, мұнай-газ жобаларына қатысты инвестициялық шешімдерді іске асыру саласында;
  • Заманауи менеджмент және мұнай-газ жобаларын қаржыландыру саласында;
  • Геология, жер қойнауын пайдалану, кен орындарын игеру және пайдалану, мұнай-газ жобаларын іске асыру мониторингі және талдау саласында;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, экология, үздік салалық тәжірибелер мен технологиялар саласында;
  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік  менеджментінің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Еңбек заңнамасы саласында;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Мемлекеттік тілді білу (жазбаша және ауызша)

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Microsoft Project, Excel, Power Point бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, өндірістік және қаржылық құжаттарды талдау және шешім қабылдау қабілеті;
  • Келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру, командада жұмыс істей
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.
  • Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
  • Өз құзыретіне кіретін мәселелерді қарайды және жобаны іске асыру шеңберінде ұсыныстар дайындайды, жетекшілік ететін барлаушы ЕТҰ басқару органдарына шығарылатын мәселелерге сараптама жүргізеді, жетекшілік ететін ЕТҰ басқару органдары мен функционалдық комитеттеріндегі ҚМГ өкілдері үшін ұсыныстар әзірлейді;
  • Орталық, Хвалынское, Өріктау және УОГ жобаларын серіктестермен бірлесіп іске асыруда ҚМГ мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ, "Каспийская Нефтегазовая Компания" ЖШҚ компанияларын корпоративтік басқаруды ұйымдастырады;
  • ҚМГ мүдделерін көрсету мақсатында Оператордың сатып алу жоспарының орындалуына және тендерлік рәсімдерді өткізу кезінде Оператор тарапынан бұзушылықтардың болмауына мониторинг жүргізеді (қажет болған жағдайда конкурстарға, сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысады);
  • Жетекшілік ететін барлаушы компаниялардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен жұмыс бағдарламалары талаптарының орындалуына талдау жасайды және мониторинг жүргізеді, қолданыстағы келісімшарттарға толықтырулар, жұмыс бағдарламалары жобаларын дайындайды және оларды қол қою және тіркеу үшін ҚМГ құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен келіседі;
  • Жобалардағы үлесті сатып алу/сату бойынша мәмілені жүзеге асырады (ҚМГ және құзыретті органның басқару органдарына шығарылатын құжаттарды дайындайды, жобалар бойынша серіктестермен келіссөздер жүргізеді және басқа да қажетті корпоративтік рәсімдерді жүзеге асырады);
  • Жетекшілік ететін ЕТҰ қызметінің мәселелерін дайындауды, қарауды және келісуді ұйымдастырады, ұстанымдарды әзірлейді және ҚМГ бейінді комитеттеріне, Басқармасы мен Директорлар кеңесіне шығарылатын тиісті корпоративтік шешімдерді дайындайды;
  • Қолданыстағы жобалар бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізуде жұмыстарды ұйымдастырады және инвестициялар тарту мақсатында жаңа жобалар бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізуге қатысады;
  • Құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Оператордың қызметін реттейтін ішкі ережелер мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
  • Бизнес-жоспарлардың, өндірістік бағдарламалардың және ЕТҰ/Операторлардың жылдық жұмыс бағдарламалары мен бюджеттерінің ұсынылатын жобаларын қарайды және келіседі, тұрақты ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді дайындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр