Экономика және қаржы жөніндегі бас директор

«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
526

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бизнесті дамытудың басымдылықтарының бөлігі ретінде экономикалық үрдістерді және олардың Қоғамға ықтимал әсерін талдау арқылы Компанияның ұзақ мерзімді стратегиясын дайындауға үлес қосады және Қоғамның орта мерзімді даму жоспарларын әзірлеуге жауапты.
  • Қоғамның өз аймағындағы стратегиясын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.
  • Бюджетті жоспарлау, қазынашылық операциялар, Қоғамға аударымдар мен төлемдер бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
  • Бухгалтерлік есеп, салықтық есепке алу және есептілік, оның ішінде статистикалық есептілік саласындағы қызметті ұйымдастырады.
  • Акционерлерді Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындауға және шығаруға жауапты.
  • Сыртқы аудиттің өтуін және сыртқы аудиторлардан алынған ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Кірістер мен шығыстардың негізгі факторларын анықтау, қаржылық болжау және қаржылық міндеттемелердің сақталуын бақылау мақсатында жобалардың қаржылық-экономикалық талдауын жүргізеді.
  • IPO шеңберінде жұмысты ұйымдастырады: IPO кеңсесін қалыптастыру және ұйымдастыру.
  • Инвесторларды тарту үшін таныстыру іс-шараларын (Road-show) ұйымдастырады және өткізеді, қаржылық/инвестициялық қоғамдастықта және акционерлер алдында Компанияның ақпарат ағыны арқылы инвесторлармен қарым-қатынасты (IR) ұйымдастырады.
  • Компанияның инвестициялық жобалары үшін несиелерді (жобалық қаржыландыруды қоса алғанда) және басқа да қаржы құралдарын тарту процесін ұйымдастырады.
  • Жобалардың портфолиосын қаржылық қажеттіліктерге сәйкес сұрыптау және компанияның қолда бар қаражатымен салыстыру арқылы басқарады.
  • Тұрақты негізде Компанияның және оның еншілес ұйымдарының шығыстарына мониторинг жүргізеді, шығындардың орындылығын талдайды, Компаниялар тобының қаржылық тәртібін қалыптастырады және қамтамасыз етеді.
  • Бизнес қажеттіліктеріне негізделе отырып, Компания құнын арттыруға көмектесу үшін ішкі қаржылық, сондай-ақ сыртқы экономикалық оқиғалар мен нарықтық үрдістерді талдау негізінде компаниядағы шығындарды азайту, кірістерді арттыру және процестер мен жүйелерді жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

Талаптар:

  • Қаржы, экономика, инвестицияларды басқару мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
  • ACCA/CPA/CMA/CIMA/CFA сертификатына артықшылық беріледі.
  • Халықаралық аккредиттелген бағдарламаның MBA/EMBA дәрежесі, сондай-ақ АТ менеджменті (CGEIT, COBIT, TOGAF, ITIL және т.б.) немесе ұқсас сертификаттарға артықшылық беріледі.
  • Корпоративтік қаржы, бухгалтерлік есеп және салық есебі, қазынашылық операциялар, қаржы институттарында қаржылық тәуекелдерді басқару сияқты салаларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе лауазымның талаптарына сәйкес келетін «Самұрық-Қазына» АҚ/Компанияның кадрлық резервіндегі кандидат .
  • Қызметінің ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша Компаниядағы осы деңгейге баламалы жоғары басшы лауазымдағы Компаниямен салыстырылатын компанияда кемінде 5 жыл басқару тәжірибесі (тау-кен және металлургия саласында жақсырақ).
  • Ауқымдылығы мен күрделілігі жағынан Компаниямен салыстырылатын қазақстандық немесе халықаралық компанияда Директорлар кеңесінің және/немесе Бақылау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал.
  • Ақпараттық жүйелер мен құралдарды енгізу тәжірибесі (ERP, SEM, BI, BW класы).
  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, салықтық есеп, төлемдер туралы, валюталық реттеу туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, Қазақстан Республикасының банктері және банк қызметі туралы заңнамасын білу.
  • Салалық заңнаманы білу.
  • Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын білу.
  • Қаржылық модельдеу және талдауды білу.
  • Жаһандық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасындағы және Компанияның серіктес елдеріндегі нарық конъюнктурасын түсіну.
  • Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.
  • Ақпараттық жүйелер мен құралдарды (ERP, SEM, BI, BW класы) пайдалану/енгізу дағдылары.
  • Қаржы институттарымен тиімді өзара әрекеттесу дағдылары.
  • Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.

Шарттары:

  • Ресми жұмысқа орналасу;
  • Толық жұмыспен қамту;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Қызмет көрсету;
  • Жұмыс берушінің есебінен оқыту;
  • Есепті кезеңдегі қызмет нәтижелеріне негізделген бонустар.