Жылу автоматикасы және өлшемдер цехына 2 санатты кәсіпорынды басқарудың автоматты жүйелері жөніндегі инженер

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
114

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Экономикалық-математикалық әдістердің, есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдарының жиынтығын қолдану негізінде автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау және енгізу бойынша жұмысты орындау. Қажетті деректерді дайындауды жүзеге асыру және КБАЖ және оның жекелеген кезеңдері мен ішкі жүйелерін жобалауға, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеуге техникалық тапсырманы жасауға қатысу. Жобалау ұйымдары әзірлеген және басқа ұйымдарда жұмыс істейтін автоматтандырылған басқару жүйелерін зерттеу. Әдістемелік материалдардың, нұсқаулықтардың және басқа да техникалық құжаттамалардың жобаларын дайындау. КБАЖ техникалық құралдарының кешенін және оның жекелеген кіші жүйелерін жөндеу, тәжірибелік пайдалану және кезең-кезеңімен іске қосу жөніндегі жұмысқа қатысу.

Талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) тиісті мамандық бойынша білім (өндірістерді және технологиялық процестерді автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, информатика, есептеу техникасы және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация). Кәсіби ортадағы (бейіні/қызметі) жұмыс тәжірибесі:  өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі санатсыз инженер лауазымының практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр