Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары - Бас инженер

"У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы" Акционерлік қоғамы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
130

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның Даму стратегиясы мен даму жоспарының орындалуына және іске асырылуына қатысу және бақылау;
  • Техникалық саясатты және техникалық дамуға түзетулер енгізуді, жұмыс істеп тұрған өндірісті реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
  • Объектілерді қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыруды жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • Электр энергиясын өндіру және жеткізу көрсеткіштерін қамтамасыз ету;
  • Жөндеудің барлық түрлерін (күрделі, ағымдағы, ұзартылған ағымдағы, агрегатты, зауыттық және т.б.) орындауға қатысу, негізгі, қосалқы, электрлік, жалпы станциялық және басқа да жабдықтар топтарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
  • электр желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оңтайлы режимдерді құру мақсатында электр желілері мен қосалқы станцияларды жөндеу кестелерін келісу;
  • Құрылыстың сапасы мен уақтылы жүргізілуіне техникалық бақылауды қамтамасыз ету, объектілерді қабылдау және белгіленген тәртіпте пайдалануға беру;
  • Бекітілген энергия үнемдеу бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
  • Өндіріс шығындарын азайтуға қатысу (материалдық, қаржылық, еңбек);
  • Бекітілген өндірістік және басқа көрсеткіштерді (электр энергиясын өндіру және жеткізу, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, басқа көрсеткіштер мен жоспарларды іске асыру бойынша) орындауға қатысу;
  • Өндірістік кеңестерді, техникалық кеңестерді, сондай-ақ қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша құрылған комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қатысу

Талаптар:

  • Энергетика/су энергетикасы саласындағы мамандығы бойынша жоғары кәсіптік (техникалық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі немесе менеджмент саласындағы қосымша білімге артықшылық беріледі. Кәсіби салада электр энергетикасы саласында кемінде 8 (сегіз) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қызмет бейініне сәйкес лауазымда өндірістік кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі. Өндірістік, шаруашылық және қаржы-шаруашылық қызметті реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу және кәсіби білімнің болуы. Компанияның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын білу. Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, энергетикалық объектілерді сапалы және тиімді пайдалану және жөндеу, энергетикалық объектілерді салу саласындағы жұмыс тәжірибесі.

Шарттары:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, тұрақты жалақы, медициналық сақтандыру;
  • Мойнақ су электр стансасы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылдық округінде орналасқан.