Станция бастығының орынбасары (жедел жұмыс бойынша) Семей станциясы, Нод-5 мектептен тыс (Семей қ. МКҚК) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС

486885 - 529695
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
110

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Станция бастығының оперативтік жұмыс жөніндегі орынбасарының жалпы еңбек міндеттемелеріне мыналар кіреді
  • Еңбек және орындаушылық  тәртібін сақтау, жоспарлы жиналыстар  жүргізу;
  • Осы Лауазымдық нұсқаулықта ескерілген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
  • Серіктестіктің Іскери этика кодексін, сондай-ақ жалпықабылданған моральдық-этикалық нормалармен бекітілген корпоративтік  мәдениетті сақтау;
  • Құрылымдық бөлімшесінің  жұмыс жоспарын  орындау;
  • Басшылардың  тапсырмаларын орындау;
  • Серіктестіктің жергілікті актілерінде  бекітілген мерзімде  қажетті шаралар қолдану және қызметтік  құжаттарды қарастыру мен  шешім шығаруда кеңсешілдікке жол бермеу;
  • Еңбек келісімінің, Серіктестіктің /жұмыс берушінің/ Корпоративтік басқару кодексінің және  басқа да жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
  • Серіктестік қызметіне қатысы бар ҚР заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Бірегей акционер актілерінің және басқа да құжаттарының  нормалары мен талаптарын  сақтау;
  • Серіктестіктің жергілікті актілерінің талаптарын  және құпия нормаларын  бұзбай шүбәсіз ақпаратты уақтылы тапсырып тұру;
  • Пайдалауындағы мүлікті ұқыпты ұстау мен оның бүлінбеуін қамтамасыз ету, сонымен бірген басқа қызметкерлердің мүлігіне  ұқыпты қарау;
  • Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, электрқауіпсіздігі , өндіріс қауіпсіздігі және өндіріс санитария  талаптарын сақтау;
  • Орындалатын процестер мен операциялар шеңберінде тәуекелдікті сәйкестендіру  және оны жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу, сонымен  бірге тәуекелдікті азайту  мен басқару жүйесін жаңарту ұсыныстарын енгізіп отыру;
  • Серіктестік /МАЖ/ қызметінің процестеріне бекітілген талаптардың сәйкес келмеуі жөнінде анықталған барлық мәселелер туралы басшылыққа ақпарат беріп тұру;
  • Жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін жақсарту мен жемқорлыққа шыдас бермеу  жағынан  ұжым арасында қолайлы  жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
  • Жемқорлыққа қарсы тұру заңнаманың талаптарын қол астындағы қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың алдын алу мен болдырмау, жемқорлық құқықбұзу ісіне  жағдай жасайтын  себептердің жолын жою, алдын алу және анықтау жөніндегі іс шаралар қолдану;
  • Жемқорлық әрекеттер мен  құқықбұзушылық туралы анықталған ақпарат туралы  дереу ЖТ бөлімшесінің жоғары басшылығына хабарлау;
  • Өндіріс қауіпсіздігі  және экология  бойынша құрылымдық бөлімшелерде ҚР және Компанияның  заңнамалық және басқадай нормативтік  құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына, құқық бұзудың алдын алу жұмысын жүргізуіне бақылау жасау;
  • Өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар қабылдау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі:жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, сыныптан тыс, 1-2 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қосымша талаптар:

  • ішкі еңбек тәртіптеменің ережелерін;
  • этика мен эстетиканың негіздерін білу;
  • жұмысқа тұру алдында міндетті түрде алдын ала  және мезгіл мезгілмен медициналық тексеруден өту.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр