машинис- нұсқаушысы ТЧЭ-25 Аягөз локомотив пайдалану депосы

458344 - 458344
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
92

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Осы Ереженің 2-ші қосымшасына сәйкес машинис-нұсқаушының алдағы айға арналған жұмыс жөспары- кестесін жасау,оны кәсірорын басшысыны бекітуге ұсыну.

 Осы Ережеге 3- қосымшаға сәйкес машинис- нұсқаушысының жылдық жұмыс планшетін жүргізу.

Осы Ережеге 4- қосымшаға сәйкес машинист- нұсқаушысының жұмыс уақытын есепке алу журналын жүргізу.

Желіге шықпас бұрын әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, депо кезекшісін уақыты мен мақсатын хабардар ету.

Кәсіби оқулар арқылы техникалық білімін көтеру. Бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына бір рет теориялық сабақтар, оның ішінде алғашқы қыста жүретін бригадалармен сабақ өткізу.

Бекітілген жоспарға сәйкес Локомотивтерге (МВПС) машинистермен және машинст көмекшілерімен айына бір парктикалық сабақ өткізу.

Қарамағындағы тізбектегі машинистермен және машинист көмекшілерімен еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі жөнінде инструктаж өткізу.

Бікітілген кестеге сай машинистермен машинист көмекшілерімен тәулік бойы кезектен тыс нұсқамалар жүргізуге, қызметтік фармулярға жазбасымен жүргізу.

Қараша айынан кешіктірілмей басқарылатын калоннаның машинистердің, машинист көмекшілердің алдағы жылға арналған еңбек демалысының жыл сайынғы кестесін жасап, басшыға келісімге жіберу. Келісілген кестені локомотив бригадаларына таныстырып, кадр бөліміне өткізу.

Локомтив бригадаларының қызметкерлермен ай сайын жиналыс өткізуге, еңбекті ұйымдастыру, әлеуметтік сұрақтар бойынша, поездардың жүргізугеі сұрақтар бойынша, отын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану т.б мәселелер бойынша жиналыс хаттамасын рәсімдей отырып жүргізу.

КИП.КЗП уақытыл ұйымдастырып, өткізу.

Жылына 2 рет  (15 мамырға дейін және 15 қазанға дейін) бірлескен жұмыс үшін локомотив бригадаларының дербес құрылымының тізімін  орынбасармен бірігіп қалыптастыруға, берілген  тізімнің көшірмесін кадр бөліміне, локомотив жасақшысына, депо кезекшісіне  өткізу.

Линияға шыққанда локомотив бригадаларының қызметтік міндеттерін дұрыс орындалуын қадағалау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік құжаттарын талап ету, сондай-ақ поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын орындалуын қадағалау.

Линияда жүргенде локомотив бригадаларының қызметтік, техникалық формулярларының жүргізілуін тексеру.

Біліктілік талаптары:

Білімі
Жоғарғы

Саладағы мамандығы
транспорт, транспорттық техника және технология

Жұмыс өтілі
кемінде 2 жыл, оның ішінде тиісті локомотив машинисі лауазымында 2 кластан төмен емес

Қосымша талаптар:

Поездардың қозғалысының бұзылуын, локомотивтің техникалық құралдардың (МВПС) істен шығуын, еңбек және технологиялық тәртіптің бұзылуын, поездар қозғалысының кестесін, поездарды жүргізу және тежеуіштерді басқару режимдерін,  басқарылатын калоннаның бригадалары қызметкерлердің қатысуымен жіберілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың бұзылуын тергеп-тексеруге қатысуға, одан кеиін жиналған тексеру материалдарын кәсіпорын мамандарына тапсыру.

Есепті ай аяқталғаннан кейін желіге шығу нәтижелері негізінде еркін түрде қорытынды жасап, басшылыққа есеп беру.

Айына 1 реттен кем емес локомотив бригадаланың демалыс режимін тексеру мақсатында үйге тексеріс жүргізу.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігінің бұзылған жағдайда РПЛ- да машинистар мен көмекшілердің келіссөздер регламентін тыңдап, толытырылған актіні мамандарға тапсыру.  

Поездар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылушылықтары болған кезде МСР-де машинист пен ДСП не ДНЦ арасындағы келіссөздер регламентін тыңдауға міндетті. Осыдан кейін актісін мамандарға ұсынады.

МСР- де тыңдауға қатысуда регламенттің дұрыс жүргізілуін қадағалау

3 жұмыс күннің ішінде кешіктірілмей Сл және КР шифырын жөніндегі инженерлер анықтаған бұзылушылықтарды қарауға міндетті.

 

ТЖК жүргізу кезінде машинистке поездың тежегіштігін басқарудың және локомотивтерге қызмет көрсету әдістарді оқытуды ұйымдастыру.

Ай сайын локомотив бригадаларының техникалық сабақтарға қатысуын, машинистердің біліктілігін уақытылы арттыруын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

 Қауіпсіздік автотежегіш бойынша машинист нұсқаушы қосымша міндетті:

Локомотив бригадаларымен, таспа құжаттарын талдаушылармен келісілген кестеге сай СЛ және КР қауіпсіздік құралдарын қолдану және басқаруды үйретуге, сондай- ақ пеоздардың тежегіш құралдарын басқару тіртібін,техникалық қызметтерін қалыпты жұмыс бұзылған немесе істен шыққан кезде іс- қимылдарды зерделеу бойынша СЛ және ҚР шифрын ашу жөнінде инженерлермен сабақтар өткізіу.

Тежегіштерді бақылау тексерісі кезінде жылжымалы құрамның тежегіш жабдықтарын тексеруге қатысу.

Поездардың тежегіштерін басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге, қызмет көрсететін участоктың поездарды жүргізу тәжірибесін оқытып тәжегіштерді басқаруды үйретуге.

СЛ талдау барысында поездардағы тежегіштерді басқарудағы анықталған олқылықтар бойынша локомотив бригадаларымен техникалық сабақтардың тақырыбын әзірлеу.

 

Қажетті қабілеттер

  • *исполнительность
  • (умение делегировать, управлять подчиненными, заинтересованность в достижении целей компании).
  • * Дисциплинированность и ответственность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)