Алматы қаласы жабдықтаушы қызметінің кеңсе менеджері

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
246

   Конкурс туралы

Міндеттері

  1. Басшының қарауына келіп түсетін корреспонденцияны қабылдау және оны құрылымдық бөлімшелерге орындау үшін беру.
  2. Іс жүргізу.
  3. Құрылымдық бөлімшелердің орындауына келіп түскен құжаттардың уақытылы қарастырылуын және ұсынылуын қадағалау, басшыға қол қоюға ұсынылған дайын құжаттар жобаларының дұрыстығын тексеру, құжаттарға енгізілетін түзетулердің сапасын қамтамасыз ету.
  4. Басшының телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастыру, басшы болмаған жағдайда, алынған ақпаратты жазып алып, оның мазмұнын басшының назарына жеткізу, байланыс арналары арқылы алынған телефонограммалар туралы ақпаратты басшының назарына жедел түрде жеткізу.
  5. Басшының тапсырмасы бойынша хаттарды, сұрау салуларды, басқа да құжаттарды рәсімдеу, хаттардың авторларына жауаптар дайындау.
  6. Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты жүргізу, отырыстар мен жиналыстардың хаттамаларын жүргізу және рәсімдеу.
  7. Басшының жұмыс орнын қажетті ұйымдастыру құралдарымен қамтамасыз ету.
  8. Қызметтік материалдарды басып шығару, келушілердің қабылдауын ұйымдастыру, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға ықпал ету және т.б.

 

Талаптар:        

Кеңсе менеджерінің кемінде 2 жыл жұмыс өтілі мен арнаулы орта білімі немесе орта білімі болуы тиіс.

 

Шарттары:

Қалыпты.