3-4-5-6 разрядты аппаратшы, тантал өндірісінің №10 цехы №3 бөлімшесі (заявка № 78-11-07/1659 от 24.04.2024 - 4 бірлік) Өскемен қ., НЕ ВАХТА

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
96

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

3-разряд бойынша білуі керек: - кадмий, висмут, селен қабатын жағуға арналған вакуумдық қондырғылар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс принципі; - вакуумдық қондырғылардың жұмыс істеу принципі және басқару пультінің құрылысы; вакуумдық қондырғылар мен аппараттарды жұмысқа дайындау ережесі; -тесік іздеуші мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі; - вакуумдық жүйелердің қымтаулылығын тексеру ережесі, вакуумдық қондырғыда буландырғышты жұмысқа дайындау және бекіту тәсілдері 4-разряд бойынша білуі керек: -қызмет көрсетілетін балқыту пештерінің, тиеу-түсіру механизмдерінің және басқа жабдықтардың құрылысы; ауа, газ, бу, су және басқа коммуникациялардың схемалары; балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттері; балқыту өнімдерін шығару уақытын айқындайтын белгілер; балқыту өнімдеріндегі металдың алынуы мен құрамына және металдар мен қорытпалардың шығуына әсер ететін факторлар; пештерге жөндеу жүргізу технологиясы; дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; балқытылатын металдар мен қорытпалардың маркалары; өндіріс экономикасының негіздері; жұмыс нұсқаулығы; «ҮМЗ»АҚ еңбек тәртібінің қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың талаптары; өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық; Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, әлеуметтік менеджмент жүйесінің негіздері. 5-разряд бойынша білуі керек (4-разрядқа қосымша): - шихта компоненттерінің және балқыту өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері; пештерді іске қосу және тоқтату қағидалары; тазартылған металға қойылатын техникалық талаптар; металдың белгіленген шығу нормалары; отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері; шихтаны пешке тиеу кестесі; өндірістік процестің температуралық режимі; шығарылатын өнімнің ақауының алдын алу тәсілдері; металдың жол берілетін ысыраптарының нормалары және оларды қысқарту жолдары; металдар мен қорытпалардың химиялық және құрылымдық құрамы; химия, физика, вакуумдық техника, электротехника негіздері. 6-разряд бойынша білуі керек (4 және 5-разрядтарға қосымша): -конструктивтік ерекшеліктері, балқыту пештерінің өнімділігі; технологиялық процестің барысына әсер ететін факторлар; өндірілген металдардың жоспарланған және нақты саны туралы мәліметтер; металлургия, жылу техникасы негіздері; балқытудың ұтымды режиміне қол жеткізу әдістері; ауа өткізгіштер, газ жолдары, электрмен жабдықтау схемалары, айналым жүйесі.

Білім:

- 3 разряд үшін - жалпы орта білімнен төмен емес; - 4-6 разряд үшін-тиісті мамандық бойынша кәсіптік даярлығы бар жалпы орта деңгейден төмен емес

Дағдылар:

3-разряд бойынша: - вакуумдық аппараттардағы алюминий табақтарға селен мен висмутты бүрку. - кадмийді селенді түзеткіш элементтердің дайындамаларына жағу. -орамдағы жұқалтырды висмуттау. - вакуумдық қондырғылардағы ауа ағынын тесік іздеуші құралының көмегімен табу. - сыртқы түрі бойынша жағылған селен, висмут, кадмий сапасын анықтау. 4-разряд бойынша: - тантал мен ниобийді және олардың негізіндегі қорытпаларды балқыту, қайта балқыту процесін жүргізу, біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен ДДВ, ДВГП, ОКБ пештеріне қызмет көрсету; балқыту үшін материал дайындау; берілген құрам бойынша шихта жасау; материалды пешке беру және тиеу; қосалқы жабдыққа қызмет көрсету; ДДВ, ДВГП электр пештерінің электродтарын реттеу; электродтарды ауыстыру. 5-разряд бойынша (4-разрядқа қосымша): -ДДВ, ДВГП, ОКБ пештерін балқытуға дайындау; балқытудың технологиялық процестерін жүргізудің ұтымды режимін, металды тазартуды қамтамасыз ету; жекелеген операциялардың өндіріс уақытын анықтау; пештерге қызмет көрсету, олардың техникалық жай-күйін бақылау. 6-разряд бойынша (4 және 5-разрядтарға қосымша) - ДДВ, ДВГП, ОКБ пештерін және қосалқы жабдықтарды басқару. Пештің тиелуінің дұрыстығын тексеру; Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау деректері бойынша ДДВ, ДВГП, ОК пештерінің жұмыс режимімен реттеу, айналым материалдарын қосу арқылы балқыту процесін түзету; балқытудың дайындығын анықтау; келесі ауысым үшін қалыпты жұмысты қамтамасыз ету.

Қосымша:

Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - белгілі бір мерзімге кемінде 1 жыл (1 жыл); - белгісіз мерзімге Еңбек жағдайларының сипаттамасы қышқылдар (тұз, балқытқыш) буы, аммиак, тантал шаңы, ниобий, иттрий, лантан оксидтері, фторлы және хлорлы тұздардың аэрозольдері, натрий оксидтері мен минералды майлардың әсерінен туындайтын зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс және демалыс режимі: - бекітілген кестеге сәйкес Болжамды еңбек ақы мөлшері: 3-разряд бойынша 143 955 теңгеден бастап 4-разряд бойынша 150 870 теңгеден бастап 5-разряд бойынша 160 928 теңгеден бастап 6-разряд бойынша 182 301 теңгеден бастап Тағылымдама - тиісті біліктілігі және/немесе кәсіп бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерді қабылдаған жағдайда белгіленбейді; - тиісті құжаттармен расталған мамандығы бойынша біліктілігі және / немесе жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді қабылдаған жағдайда, 14 жұмыс күні мерзіміне белгіленеді

Білетін тілдер:

-