Бас талдаушы, Инновациялық экожүйені дамыту және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу секторы

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
3682

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- Орталық белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволарына «Самұрық-Қазына» АҚ тобының және/немесе Орталықтың ғылыми-техникалық және инновациялық қызметі туралы талдамалық материалдар мен ақпаратты дайындау және ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру; ;
- ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет шеңберінде саясатты, корпоративтік стандарттарды және басқа да ішкі құжаттарды қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру;
- ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды үйлестіру;
- инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша халықаралық және отандық ұйымдармен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарға қатысу;
- ҒЗТКЖ жобаларын сараптауға және валидациялауға қатысу; - ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ведомстволарымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша сектордың жұмысын үйлестіру;
- ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру және қолдау құралдарын ұсыну бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу.

Талаптар:

- Қазақстандағы немесе шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінде келесі бағыттар, техника және технология, жаратылыстану ғылымдары, қаржы, экономика, құқық саласында алған жоғары білім;

- Магистр дәрежесімен, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі; немесе бакалавр немесе маман дәрежесі бар болса, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі;

- Ғылыми-инновациялық қызметті әкімшілендіру және/немесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) басқару саласында кемінде 3 жыл жетекшілік тәжірибесінің болуы;

- мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-инновациялық ұйымдарда, сондай-ақ даму институттарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн;

- қызмет саласында халықаралық сертификаттардың болғаны дұрыс;

- Тілдерді еркін меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).

Шарттары:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • комуникабельность,ответственость, порядочность и пунктуальность
  • * Аналитические способности;
  • - Критическое и стратегическое мышление